Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет160/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   315
ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ 
ЗАҚЫМДАЛУ СЕМИОТИКАСЫ 
 
Цианоз 
– капилляр торы жағдайына, шеткері циркуляцияға, 
оттегімен қанықпаған Hb көлеміне, Hb-ің аномальды түрінің болуына және 
басқа факторларға тәуелді симптом. 

 Акроцианоз (шеткері цианоз)
– оң жақ қарынша жеткіліксіздігіне, 
жүрек ақауларына (қанның үлкен қанайналым шеңберінде іркілуі) тән 
шеткері қанайналымың бұзылысының белгісі. 

 Генерализацияланған 
(орталық) 
цианоз 
– 
әртүрлі 
себепті 
артериалды гипоксияның белгісі. 
- Терінің және көзге көрінетін сілемей қабаттардың қызғылт-көгілдір 
реңді интенсивті тұтас цианозы, әдетте туа біткен жүрек ақаулары, 
біріншілік өкпелік гипертензиясы, венозды-артериалды шунты
 
және 
басқа ауыр жүрек-тамыр аурулары бар балаларда анықталады. 
- Шие-қызыл реңді цианоз – өкпе артериясы стенозының және сол жақ 
қарынша қуысының кішіреюімен өтетін бейревматикалық кардиттің 
белгісі. 
- Бозаруы бар аздаған цианоз – тетрада Фалло симптомы. 

 Сараланған цианоз
(аяққа қарағанда, қолда айқын болатын) – аорта 
коарктациясы
 
немесе аорта стенозымен жүретін магистральды 
тамырлар транспозициясының белгісі. 
Терінің және сілемей қабаттың 
боздығы
, әдетте жүректің аортальдық 
ақауларында (стеноз немесе жетімсіздігі) байқалады. 
Жүрек соғуын
жүрек патологиясында да, патология болмаған 
жағдайда да байқалады. 


236 
Жүрек соғуы – жиі нервтік реттелудің функционалды бұзылысының 
немесе басқа ағзалардың рефлекторлық әсерінің нәтижесінің белгісі. 
Жүрек соғу сезімі балаларда жиі препубертатты және пубертатты 
кезеңдерінде пайда болады, әсіресе қыз балаларда. Оны анемияда, 
эндокриндік ауруларда (тиреотоксикозда, гиперкортицизмде), АҚЖ 
патологиясында, қызба жағдайларында, инфекциялық ауруларда, сондай-
ақ эмоционалдық стресстерде, диафрагманың жоғары тұруында, шылым 
шеккенде байқауға болады. 
Бұл симптом жүрек патологиясын сирек негіздейді. Мысалы, жүрек 
соғуы – пароксизмалды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет