237
бұзылысынан кіші қанайналым шеңберінде іркілу пайда болғанын
көрсететін бірден-бір белгісі, бұл бұзылыс митральдық стенозда (жүректің
басқада ақауларында, сонымен қатар туа біткен ақауларда, алдымен Фалло
тетрадасында), сол қарынша қуысының тарылуымен жүретін кардитте,
митральдық қақпақша жетімсіздінде және т.б. пайда болады.
Жедел және созылмалы өкпелі жүректе
және өкпе артериясының
эмболиясында ентігуді оң жақ қарынша жеткіліксізідігі тудырады.
Ентігудің ұстамалы түрде күшеюі, цианоздың ұлғаюмен тіркесуі
ентікпелі-цианозды ұстама деп аталады. Балалардың кейбір жүрек
ақауларына, алдымен Фалло тетрадасына тән.
Жөтел
жүрек-тамыр ауруларында кіші қанайналым шеңберінде айқын
қан іркілуінен пайда болады және ентігумен қосарланады. Сол жақ
жүрекшенің кеңеюінен, өкпе артериясының
дилататиясынан немесе аорта
аневризмасынан кезбе нерв бұтағының тітіркенуі себебінен жөтел
рефлекторлы болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: