Тарау 2
Баланы жалпы қарау
Баланы жалпы қараудың үлкен диагностикалық маңызы бар: дәрігер тек
науқас баланың денсаулығы туралы жалпы мәлімет алып қана қоймай,
сонымен қатар кей жағдайларда «бір қарағаннан» диагноз қоя алады.
Объективті қарауды ана және баламен сұхбаттасып отырғанда бастап,
оның мінез-құлқын, айналадағы жағдайға және сөйлеуге реакциясын
бақылайды. Қараудың барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін баланы өзіне
бейімдеу және арнайы ережелерді сақтау керек.
Жалпы қарағанда ең айқын симптомдарды анықталады, баланың
физикалық дамуы бағаланады, кейін ағзалар мен мүшелер жалпы
қабылданған үлгі бойынша зерттеледі.
ВИДЕОФРАГМЕНТ «Нәрістені қарау»
Объективті
мәліметтер
негізінде,
пациенттің
жалпы
жағдайы
бағалағанады, ол қанағаттанарлық, орта ауырлықта және ауыр болуы мүмкін.
Әдетте, негізгі екі сипат белгілері қолданылады: токсикоз синдромының
айқындық дәріжесі және қандай да бір ағзалар жүйесінің функциональдық
бұзылысының айқындық дәрежесі.
Достарыңызбен бөлісу: