Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет200/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   315
290 
Кесте 9-2.
Асқазан дискинезиясының негізгі дифференциалдық белгілері
(Пайков В. Л. және бірлескен авторлар бойынша, 1998) 
Белгі 
Әдетті лоқсу 
Пилороспазм 
Пилоростеноз 
Туғандағы салмағы 
Аздаған 
Қалыпты 
Қалыпты 
Аурудың басталуы 
Өмірінің алғашқы 
аптасында 
Өмірінің 1-2 
аптасында 
Өмірінің 2-4-ші 
аптасында 
Алғашқы симптомы 
Лоқсу 
Лоқсу 
Құсу, лоқсу сирек
Лоқсулар 
Жиі, көлемді не 
аздаған 
Жиі, көлемді 
Жүйелі емес 
Құсу
Сирек, аздаған, 
болмауы мүмкін 
Жүйесіз, бірақ 
көлемді 
Тұрақты, 
«фонтан» тәріздес 
Құсығының сипаты 
Өзгермеген сүт 
Өзгермеген не 
іріген сүт 
Қышқыл не 
шіріген иіспен 
және шырыш 
араласқан іріген 
сүт 
Зәр шығаруы 
Бұзылмаған 
Бұзылмаған 
Зәр шығу саны 
азайған, зәр 
көлемі азайған 
Көзге көрінетін 
асқазан 
перистальтикасы 
Жоқ 
Әдетте көрінбейді Әдетте «құм 
сағат» түрінде 
Жалпы жағдайы 
Аса бұзылмаған 
Айқын бұзылған 
Күрт бұзылған 
Өмірінің 1-ші айында 
салмақ қосуы 
Қалыпты 
Төмен 
Жоқ 
Гипотрофия көрінісі 
Жоқ 
I-II дәреже 
II-III дәреже 
Іштің ауырсынуы
Іштің ауырсынуы асқорыту ағзаларының патологиясында, сонымен 
қатар басқа ағзалар мен жүйелер патологиясында пайда болады. 
Ауырсынудың пайда болу уақытын, оның қарқындылығын, орнын және 
таралуын, сонымен қатар қайталанбалығын және маусымдылығын анықтау 
қажет (сурет 9-40). 


291 
Сурет 9-40.
Балалардығы іштің жедел ауырсыну себептері

Тамақ ішу кезінде ерте пайда болатын ауырсынулар эзофагитке; 
тамақ ішіп болысымен – гастритке тән. Кеш пайда болатын 
ауырсынулар антральды гастритке, дуоденитке, гастродуоденитке 
немесе ұлтабар ойық жарасына (аш қарындық және түнгі 
ауырсынулар) тән. 

Ауырсынудың 
қарқындылығы 
антральды 
гастритте, 
гастродуоденитте және ұлтабардың ойық жарасында тамақ ішкен соң 
басылады. Бірақ біраз уақыттан соң ауырсыну қайта күшейеді 
(ауырсынудың мойнингамды ырғағы). Оң жақ қабырға астының 
қарқынды және ұзақ шаншып ауырсынуы бауыр және әсіресе өт 
жолдарының ауруларына тән. Әр түрлі ауырсыну (сыздап не жанға 
бататын қатты) ұйқы безінің,
Асқазан және ұлтабар 
ойық жарасы
Жедел холецистит
Ацетонемиялық 
құсу
Пневмония
Перикардит
Эксудативті 
плеврит 
Жедел 
панкреатит
Іріңді перитонит
Вирусты гепатит
Жедел 
мезентериальды 
лимфоденит
Ішек құрттары
Геморрагиялық 
васкулит
Ішектің қынапталуы


292 
әсіресе құйрығы мен денесінің зақымдалуына тән. Қарқынды 
ауырсыну тоқ ішектің зақымдалуына тән. Оң жақ қабырға астының 
керіп ауырсынуы өт жолдары дискинезиясының гипотониялық түріне 
тән.

Ауырсыну орнын және оның таралуын анықтау, қай ағза 
зақымдалғанын білдіреді.
-
Эпигастрий аймағының ауырсынуы асқазан ауруына; сонымен 
қатар ұйқы безінің патологиясына; эпигастральды жарыққа, көкеттің 
өңештік тесігінің жарығына, өңеш ауруларына тән. 
-
Оң жақ қабырға астының ауырсынуы бауыр, өт қабығы, өт 
жолдары, ұйқы безінің басы, ұлтабар, тоқ ішектің бауырлық бұрышы 
ауруларына тән.
-
Сол жақ қабырға астының ауырсынуы асқазан, ұйқы безінің 
құйрығы, көк бауыр, жиек ішектің сол жақ иілімі, бауырдың сол 
бөлігінің ауруларында байқалады. 
-
Кіндік маңы аймағының ауырсынуы кіндік жарығы, жіңішке ішек, 
шажырқай лимфотүйіндері, шарбы май зақымдалуы кезінде 
байқалады. 
-
Оң жақ мықын асты аймағының ауырсынуы аппендицитке тән. 
Сонымен қатар тоқ ішектің немесе мықын ішегінің шеткі бөлігінің, 
илиоцекальды бұрыштың зақымдалуымен жүретін ауырсыну Крон 
ауруына тән.
-
Сол жақ мықын асты аймағының ауырсынуы көбіне сигма тәріздес 
ішек зақымдалуымен негізделеді. 
-
Қасаға аймағының ауырсынуы зәр-жыныстық жүйенің ауруларына 
тән.
-
Шап аймақтарының ауырсынуы құрт тәріздес өсіндінің қабынуы, 
соқыр ішек, мықын ішегінің соңғы бөлігінің аурулары, шап жарығы 
кезінде байқалады. Сол жақ шап аймағының ауырсынуы сигма 
тәрізді ішек ауруларына тән, ал тік ішек ауырсынуы жиі бұтарасында 
шоғырланады.
-
Іштің жайылмалы ауырсынуы перитонитте, ішек түйілуінде, 
жабыспа ауруларында және т.б. пайда болады.

Ауырсынудың оң жақ иыққа, жауырынға берілуі бауыр және өт 
жолдары ауруларында болады; екі жақ қабырға астына – дуоденитте; 
ұйқы без ауруларында – арқаға (айналмалы) немесе сол иыққа; 
асқазан зақымдалуында – арқаға. Кіндік айналасының қысу сезімін, 
тартып ауырсынуын, күйдіру сезімін науқастар жіңішке ішек 
ауруларында байқайды. Іштегі әртүрлі ауырсыну сипаттарын зерттеу, 
олардың даму генезін және патологиясын болжау мүмкіндігін береді 
(кесте 9-3). 

Іш ауырсыну кезеңділігін және маусымдылығын анықтау асқорту 
жүйесінің патологиясын анықтауда өте маңызды. Ауырсыну сезімінің


293 
және жақсы қал-жағдай кезеңдерін алмасуы, сондай-ақ көктем-күз 
кездерінде ауырсынудың пайда болуы және өршуі жиі ойық жарасы 
бар науқастарда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет