309
Артқы іргесі. Түйіршіктер, гипермия, сілемей, ірің және т.б.
көңіл аударылады.
Іш.
Іштің қалпына, симметриялығына, кебуіне, томпаюына, ішке
тартылуына, көзге көрінетін пульсацияға, іш іргесі веналарының кеңеюіне,
тыныстануға қатысуына, тыртықтарға, перистальтикаға көңіл аударылады.
Перкуссия және ұрғылау арқылы перкуторлық дыбыс, ауырсынуы және
оның орналасуы, іш іргесінің кернеуін, флюктуация анықталады. Беткейлі
пальпация (бағдарламалы) арқылы іш іргесі кернеуінің дәрежесі және
жергілікті кернеу (бұлшық ет қорғанысы), ауырсынуы және оның
орналасуы, тығыздалуы анықталады.
Арнайы пальпация іштің тік бұлшық етінің (алшақтауы), шап
сақинасының, кіндіктің жағдайын анықтайды. Терең пальпация
көмегімен асқазан, ішек бөліктері, лимфа түйіндері, инфильтраттар,
тығыз
конгломераттар
анықталады.
Аускультация
ішек
перистальтикасын бағалауға мүмкіндік береді.
Бауыр және өт қапшығы.
Жалпы қарауды жүргізеді, көзге көрінетін
бауыр ұлғаюы анықталады.
Перкуссия және ұрғылау көмегімен бауыр шекарасы (жоғарғы,
төменгі),
ауырсынуы
анықталады.
Курлов
бойынша
көлемі
анықталады. Арнайы пальпация көмегімен шеті (қырлы, дөңес, тұйық,
тегіс, бұдырлы, фестон тәрізді), консистенциясы, беткейі (тегіс, түзу,
түйіршікті, бұдырлы), ауырсынуы анықталады. Асцит болған кезде
толқындатушы пальпация, перкуссия қолданылады.
Нәжіс сипаты.
Көлемі, тәуліктегі саны, консистенциясы (сұйық,
ботқа тәрізді, «құмалақ»); түсі (қан аралас, жасыл, сілемейлі). Нәжіс түрі
бойынша: «ректальды түкірік», «батпақ балдыры», «бақа уылдырығы»,
«күріш қайнатпасы» және т.б.
Көкбауыр.
Көзге көрінетін ұлғаюы, жоғарғы және төменгі шекарасы,
арқасынан және оң жақ бүйіріне жатқан кезіндегі перкуторлық көлемі,
үлкендігі, консистенциясы, шетінің сипаты (қырлы, тұйық), беткей сипаты
(тегіс, бұдырлы, түйіршікті), ауырсынуы, тыныс алуда қозғалмалылығы
анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: