Оқулық «гэотар-медиа»


Катехоламиндер секрециясының бұзылысы



Pdf көрінісі
бет273/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   315
Катехоламиндер секрециясының бұзылысы 
Катехоламиндер секрециясы артық болғанда ауруларда әлсіздік
шаршағыштық, терлегіштік, тәбет төмендеуі, арықтау, бас ауыруы, 
көруінің төмендеуі, тахикардия, шеткі тамырлардың спазмы, ем қонбайтын 
тұрақты не қайталамалы АГ байқалады. Катехоламиндердің артық түзілуі 
феохромацитомада және хромаффинді тіннің басқа ісіктерінде пайда 
болады. Катехоламиндер гиперсекрециясы көп физикалық жүктемеде, 
сіреспеде, ауырсыну синдромында пайда болуы мүмкін. 


395 
Катехоламиндердің жеткіліксіз түзілуі жеке эндокринопатия түрінде 
сирек кездеседі және гипогликемиялық синдромның бір себебі болуы 
мүмкін. 
ҰЙҚЫ БЕЗІ 
Ұйқы безінің ішкі секреторлық бөлігі – Лангерганс аралшықтары – 
жасушалар жиынтығы, бездің 1,5% бөлігін құрайды. Лангерганс 
аралшықтары эндокриндік жасушалардың бірнеше түрінен тұрады, әр-
түрлі гормондардды түзуші және синтездеуші. (12-8 кесте) 
Кесте 12-8.
Лангерганс аралшықтарының гормондары. 
Жасушалар 
түрі 
Түзілуші 
гормон 
Гормон әсері 
α
Глюкагон 
Инсулин антогонисті ретінде 
қаралады(қанда глюкоза концентрациясын 
көбейтеді); гликогеннің ыдырауын 
стимуляциялайды, бауыр мен бұлшықет 
гликогенолиз; глюконеогенезді 
белсендіреді; липолизді стимуляциялайды.
β
Инсулин 
Анаболизмді күшейтеді және 
катаболизмді тежейді. Көмірсу алмасуын 
реттейді, қандағы глюкоза деңгейін 
төмендетеді (инсулин тәуелді тіндерге – 
бауырға, қаңқа бұлшықетіне, майлы тінге 
глюкозаның тасымалдануын көбейтеді, 
гликоген синтезін стимуляциялайды, 
глюконеогенез және гликогенолизді 
тежейді). Жасушалар мембранасы арқылы 
амин қышқылын тасымалдайды, бауырда, 
қаңқа бұлшықетінде ақуыз синтезін 
стимуляциялайды, протеолизді тежейді. 
Жасушалар пролиферациясын 
стимулдейді. 
γ
Соматостатин Соматолиберин әрекетін, гастрин, 
глюкагон, инсулин, ренин, секретин, 
асқазан сөлі, панкретикалық ферменттер 
және электролиттер секрециясын тежейді. 


396 
Инсулин секрециясы қандағы глюкоза концентрациясына тәуелді. 
Секрецияны калий иондарының, ацетохолин және гастрин-рилизинг 
гормондарының концентрациясының жоғарлауы стимуляциялайды, ал 
соматостатин, адреналин және норадреналин – тежейді. Глюкагон 
секрециясын глюкоза ингибирлейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет