256
Балалардың (әсіресе ерте жастағы) ауыз қуысын шырышты қабаты
жұқа және оңай жарақаттанады, сол себепті ауыз қуысын өңдеу кезінде
абай болу керек. Ауыз қуысының түбінің шырышты қабығында көптеген
түйіршіктермен қапталған айқын қатпары бар. Жоғарғы және төменгі жақ
арасындағы саңылау аймағындағы бет ұртының шырышты қабатында
жота тәрізді дөңесті байқауға болады. Көлденең қатпарлар (жоталар) қатты
таңдайда; жотатәрізді дөңестер – қызыл иекте бар. Осы түзілістердің
барлығы ему кезінде ауыз қуысының герметизациясын қамтамасыз етеді.
Жаңа туылған балалардың қатты таңдайдың шырышты қабығының орта
сызығы бойында Бон түйіні орналасқан – сарылау түсті түзіліс – сілекей
бездерінің ретенционды жылауығы. Түйіндер өмірінің бірінші айының
соңына қарай жойылады. Балалардың алғашқы 3-4 айында ауыз қуысының
шырышты қабаты салыстырмалы түрде құрғақ болады. Бұл сілекей безінің
толық дамымауына және сілекейдің аз болуымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: