Оқулық «гэотар-медиа»


  Ішектің функциональді ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет181/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

262 
Ішектің функциональді ерекшелігі 
Ішектің қозғалыс функциясы (моторика) жіңішке ішікте пайда 
болатын маятник тәрізді қозғалыстан (оның арқасында ішектегі заттар 
араласады) және перистальтикалық қозғалыстан (химусты тоқ ішекке 
қарай бағыттайды) құралады. Сонымен қатар тоқ ішекке нәжісті 
қоюлататын және қалыптастыратын антиперистальтикалық қозғалыс тән. 
Ерте жастағы балалардың моторикасы белсендірек болады, ол ішектің 
жиі босатылуына көмектеседі. Сәбилерде тамақтық қоймалжыңның ішек 
бойымен өту уақыты 4-18 сағат, ал ересектеу балаларда шамамен тәулікті 
құрайды. Ішектің жоғары моторлық белсенділігі, оның ілмектерінің 
бекітілуінің жеткіліксіздігі инвагинацияға бейімділігін негіздейді. 
Дефекация 
Өмірінің алғашқы сағатында меконий (алғашқы нәжіс) шығады –
жабысқан қара-жасыл түсті, рН-ы шамамен 6,0 масса. Меконий 
қабыршақтанған эпителийден, шырыштан, ұрықмаңы суы қалдығынан, өт 
пигменттерінен және т.б. құралады. Өмірінің 2-3 күнінде меконийға нәжіс 
араласады, ал 5-ші күннен бастап нәжіс әдеттедіге айналады. Бір айлық 
балаларда дефекация әдетте әр тамақтанғаннан кейін – тәулігіне 5-7 рет, 2-
ші айдан бастап –3-6 рет, 1 жаста – 1-2 рет. Қоспамен жасанды және аралас 
тамақтандыруда дефекация сиректеу. 
Ана сүтімен қоректенетін балалардың нәжісі сары түсті, қышқыл 
реакциялы және қышқыл иісті; жасанды тамақтандыруда нәжістің 
консистенциясы қоюлау («замазка» тәрізді), ашық түсті, кейде сұр реңкті, 
бейтарап немесе тіпті сілтілі реакциялы, өткір иісті болады. Бірінші 
айларындағы баланың нәжісінің алтын-сары түсті болуы билирубин, 
жасыл түс – биливердин болуымен негізделеді. 
Сәбилерде дефекация рефлекторлы, еріксіз түре болады. Бір жастың 
соңына қарай дені сау балада дефекация біртіндеп ерікті акт болып 
табылады. 
Асқорыту жүйесінің микрофлорасы 
Асқорыту жолының микрофлорасы ас қорытуға қатысады, ішекте 
патогенді флораның дамуына қарсы келеді, кейбір витаминдерді 
синтездейді, 
физиологиялық 
белсенді 
заттар 
мен 
ферменттердің 
инактивациясына қатысады, сонымен қатар энтероциттердің жаңару 
жылдамдығына, өт қышқылдарының бауыр-ішектік циркуляциясына және 
т.б. әсер етеді. 


263 
Ұрықтың және нәрестенің ішегі бірініші 10-20 сағат ішінде стерильді 
(асептикалық фаза). Кейін микроағзалардың ішекке қоныстануы (екінші 
фаза – 2-4 күн) басталады. Үшінші фаза – микрофлораның тұрақтануы 6 
айдан 2 жасқа дейін жалғасады. Ішектегі микробтық биоценоздың 
қалыптасуы өмірінің алғашқы тәулігінде басталады. 7-9 тәулікке қарай 
дені сау жетілген балаларда әдетте 
Bifidobacterium bifidum, Lactobacillus 
acidophilus
сияқты бактериялық флорадан тұрады. Табиғи тамақтандыру 
кезінде 
ішек 
микрофлорасында 
B.bifidum 
басымырақ, 
жасанды 
тамақтандыруда
L. acidophilus, 
B. bifidum,
энтерококктар, қалыпты
E.coli
шамамен бір деңгейде болады. Ересектерге тән тамақтануға ауысқан кезде 
ішек микрофлорасының құрамы өзгереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет