медициналық кір қолданып таңертең ашқарында өлшейміз.
46
Бағдарлы есептеу әдісі
Бойды бағалау
Нәрестенің дене ұзындығы әдетте 48-52 см
болады, 3-2 кестеде
өмірінің бірінші жылында дене ұзындығының
орта есеппен артуы
көрсеткіші берілген.
Кесте 3-2.
1 жасқа дейінгі баланың дене ұзындығының артуы
Жасы, айы
Дене ұзындығының жоғарлауы, см
1 ай ішінде
1 тоқсанда
0-3
3
9
4-6
2,5
7,5
7-9
1,5-2
4,5-6
10-12
1
3
Бала дене ұзындығының бір жылда жалпы жоғарылауы орта есеппен
25 см. Сонымен, өмірінің бірінші жылының аяғында 75-77 см жетеді.
Екінші жылында дене ұзындығы 12-13 см қосады, үшінші жылында 7-8 см.
1 жастан кейінгі балалардың дене ұзындығы бағдарлы есептеу үшін
келесі әдістерді қолдануға болады: нәрестенің бойы 4 жасына қарай екі есе
өседі және 100 см–ді құрайды. 4 жасқа дейінгі балаларда бойы (см) = 100-
8(4-n), 4 жастан асқан балаларда бойы =100+6(n-4)
формула арқылы
есептеледі, мұнда n – баланың жасы.
8 жаста бойы 130 см–ге жетеді, 12 жаста бойы ұзындығы нәрестемен
салыстырғанда үш есе өседі және 150 см құрайды. 10-12 жастан бастап бой
өсуі жеделдейді, ер балаларда 13,5-15,5 жаста, ал қыздарда 10-12
жаста
максималды болады. Созылу кезеңінде бой ұзаруы жылына 8-10 см болуы
мүмкін, бұл үрдіс индивидуалды және конституциялық ерекшелікке
байланысты. Өсу үрдісі ер балаларда 18-19
жасқа қарай, қыздарда 16-17
жасқа қарай тоқтайды.
Достарыңызбен бөлісу: