Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет37/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   315
Нәрестенің 
жүйке 
жүйесінің 
негізгі 
анатомо-физиологиялық 
ерекшеліктері. 

Ірі қатпарлар мен жылғалар жақсы айқындалған, тереңдігі және 
биіктігі аздаған; ұсақ (үшіншіліктері) өмірінің бірінші жылында 
біртіндеп қалыптасады. 

Сұр зат жасушалары, өткізгіш жүйесі толық қалыптаспаған. Үлкен 
жарты шардың жүйке жасушаларының саны туғаннан кейін 
көбеймейді, олардың өсуі мен сарапталуы жүреді (әсіресе өмірінің 
алғашқы 6 жылында қарқынды). 

Пирамидтық жолдар және бас нервтерінің толық миелинзациясы 
болмайды. 

Дендриттері қысқа, азтарамды. 

Мишық және неостриатум жеткіліксіз дамыған. 

Ми қыртысында тежелу үрдісі басымырақ. 

Анализаторлы және шартты - рефлекторлы әрекеті жоқ. 

Таламо-паллидардық жүйе функционалды басым

Жұлын L
ІІІ
-деңгейінде аяқталады. 


 
60 
Дыбыстың қоздырғышқа шартты рефлекс ретінде қабақтың қорғанысты 
қозғалысы (жыпылықтауы) өмірінің 1-ші айының соңында қалыптасады, 
ал дыбыс қоздырғышына тамақ рефлексі – 2-ші айда қалыптасады. Осы 
кезде жарыққа да шартты рефлекс қалыптасады. Кейін барлық 
анализаторлардан пайда болатын және тамақтану доминантасымен 
бекінетін шартты рефлекстер қоры жылдам жиналады. 
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ 
 
Жүйке жүйесінің жағдайын бағалағанда шағымдарын, анамнез 
мәліметтері (жүктілік және туу ағысы, неонаталдық кезеңі), ауырған 
аурулары ескеріледі. 

Нәрестені қарағанда дисэмбриогенез стигмаларына (дамудың кіші 
аномалияларына), басының пішіні мен көлемі, бас сүйек тігістеріне 
және еңбегіне көңіл аударылады. Жасы үлкейген сайын балаларда 
мінез-құлқына және қоршаған ортаға реакциясына (немқұрайлылық, 
ұйқышылдық, енжарлық, қорқақтық, қозғыштық, эйфория), көңіл 
күйіне, бет әлпетіне, мимикасына баға беріледі. Ойыншықтарға, 
берілген тапсырмаларға зейін қою қабілетіне, үлкендердің балаға 
айтып тұрған сөзін және нұсқауларды түсінуін анықтайды. Ересек 
балалардың интеллектуалды дамуына, есте сақтау қабілетіне, 
мектептегі оқу үлгеріміне, оқу, жазу мамығына, абстрактты 
ойлауына баға беру қажет. Ұйықтау сапасына (ұйықтау қиындығы, 
мазасыз ұйқы, жиі оянуы) көңіл аударылады.

Сөйлеуін бағалағанда (жасына қарай) уілдеуін, буындарды және 
жеке сөздерді айтуын, сөйлем құруын, ойын жинақтай білуін 
ескереді. 

Қозғалыс 
саласын 
зерттегенде 
дене 
жағдайын, 
қозғалыс 
координациясын (жалпы қарағанда, сондай-ақ координациялық 
сынақтар жүргізгінде – саусақ-мұрынды, өкше-тізелі) анықтайды. 
Баланың басын ұстауын, отыруын, жүруін, қолмен ұсақ жұмыс 
істеуін, қозғалысты ойындармен ойнауын бағалайды. 

Өмірінің алғашқы айларындағы балалардың бұлшық ет тонусын 
тракцияға сынақ жүргізу арқылы анықтайды: баланы білезік тұсынан 
ұстап, өзіне қарай тартады. Сонда баланың шынтақ буыны сәл 
жазылып, кейін жазылуы аяқталып, бала бүкіл денесімен қолға 
ұмтылады. Үлкендеу жаста балаларда бұлшық ет тонусы, пассивті 


қозғалыста пайда болатын бұлшық ет қарсылығын зерттеу арқылы 
анықталады. 

Баланың психомоторлық дамуы бағаланады (4-1 кесте,4-1 сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет