Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет99/111
Дата19.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#35036
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   111
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Буало (1636-1711)


Классицизм әдеби әдісінің көрнекті өкілі ақын Буало 1636 жылы Париждегі буржуа-шенеунік отбасында туып, 1711 жылы қайтыс болды. Ол дін негіздері мен құқықтану саласында білім алып, соң адвокаттық қызмет атқарады. Жазған сатиралары арқылы даңққа бөленгеннен кейін толығымен әдебиетпен айналысады. 1673 жылы Людовик ХІV Буалоны сарай тарихшысы етіп тағайындайды. 1684 жылы Буало француз академиясына мүше болып сайланады. Әдеби қызметінің алғашқы сатысында жазған сатираларында ақын сауатсыз заңгерлерді, тәкаппар дворяндар мен тоғышар байларды қатты сынға алады. Буало арнаулар мен эпиграммалар да жазды.


«Роман қаһармандары» атты пародиялы диалогында (1664) ақын феодалдық озбырлықпен байланысқан ХVІІ ғасырдағы ақсүйектік-
прециоз әдебиетті әшкерелейді.
Буалоның маңызды шығармаларының бірі «Поэзия өнері» атты дидактикалық поэмасы болып табылады. Мұнда ақын классицизм әдеби әдісінің қағидаларын негіздеп береді. Буало Декарттың философиялық әдісін көркем әдебиетте пайдаланады. Классицистер эстетикасына тән нәрсе - ақыл-ойға, санаға жүгіну. Буалоның пікірінше, ақыл-ой өнердің ұлы мақсаты болған сұлулықты туғызады. Осы пікірлері негізінде Буало антик қоғамда туған, барлық дәуірде де құндылыққа ие болған, бірақ орта ғасырларда жойылып кеткен, енді тек жоғары топтарға ғана мәлім ұлы көркемдік мұратты түсінеді. Оның «қала мен сарайды үйреніңіз» деген сөздері осыдан туындайды. Буало сарай жұртының талабына жауап беретін шығарма жазуға шақырады. Ол абсолюттік идеялардың қолдаушысы еді. Соның үшін де барлық «төмен», «олақ» нәрселерден бас тартқан Буало халық пен оның шынайы тұрмысын бейнелеген Мольерді ұнатпайды.
Классицизм әдебиеті антикалық мәдениетке еліктеуден келіп шықты. Қайта өрлеу дәуірінде грек және рим өнерін игеру орта ғасырлық діни аскеттік дүниетанымға наразылық білдіру үшін қажет болды. Бірақ бұл оқиға ХVІІ ғасырдағы Францияда өзіне тән форма мен мазмұнда қалыптасты. Олар антик жазушалар шығармаларын осы дәуір тұрмысын шынайы бейнелеуде үлгі болатын туынды деп емес, ал нақты тарихи жағдайға байланысты болмаған жетілген сұлулық үлгісі ретінде қабылдайды. Классицизм өкілдері үшін өз дәуіріндегі адамдар тұрмысын үйренудің қажеттігі жоқ, антик классиктер сомдаған образдардан, олар бейнелеген характерлерден өнеге алудың өзі жеткілікті болды. Өйткені, типтер олардың түсінігінде, мәңгілік және өзгермейтін дүние. Сондықтан классицизм негізшілері көркем шығармашылықтың нормаларын, оның өзгермейтін қағидаларын белгілеуге ұмтылады. Өнерді қатты қағида мен қалыпқа салады. Олар Аристотельдің антик әдебиетті қорытындылап берген, негізгі белгілері материалистік болған эстетикасын түсінбеді, оны формал түрде қабылдады. Сондықтан да классицизм жазушылары жасаған образдардардағы жасандылық, схемалылық әдебиеттің реалистік бағытта дамуына жол бермейтін еді. Буало эстетикасындағы реалистік тенденцияның шектелгендігі міне осыдан келіп шықты.
Пушкин «Халық драмасы туралы» мақаласында классицизм
әдебиеті пайда болғаннан бастап халық (Шекспир) трагедиясы мен сарай (Расин) трагедиясы ортасында үлкен айырмашылық туғандығын атап көрсетті. Бұл айырмашылық мынада еді: халық трагедияшысы өз көрермендері туралы көбірек мәліметке ие болатын. Сондықтан ол батыл түрде, көтеріңкі рухта олардың талабына жауап беретін еркін шығармалар жаза білді. Сарайдағы жазушы болса, өзін көрерменнен төмен деп санады, ол «биік мәртебелі» жандардың көңілінен шығу үшін өз еркіндігінен бас тартады, оларды ренжітіп алмауға ұмтылады. Нәтижесінде жасандылыққа жол беріледі, реалистік көрініс орнын схемалылық басады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет