337
шығара бастайды. Расин дүниетанымындағы қайшылық оның
әдеби әдісінде де көрінеді. Классицистер эстетикасы қағидаларын
негізге алған драмашы үш бірлік талаптарына бағынады, сюжетті
антик әдебиеттен алады. Сахнада билік өкілдері мен оларға жақын
тұрған тұлғалар көрсетіледі. Жалпылық көріністерден бас тартады.
Қатысушылар санын азайтады. Сахнадағы оқиға қаһармандардың
әрекетімен ашылмайды, болып өткен яки болып жатқан оқиғаларды
сөз арқылы баяндап берумен шектеледі. Классицизмнің бұл
шарты, яғни абстрактілік пен рационалдық қағидалар Расиннің
шығармашылығына кері әсер етпеуі мүмкін емес еді. Бірақ
драмашы осы әдеби заңдар шеңберінде біржолата қалып қоймайды.
Ол қаһармандардың тек жақсы жақтарын ғана емес, сонымен бірге
кемшіліктерін де көрсетеді. Расин гуманистік идеяларды қорғап,
билік өкілдерінің озбырлығына негізделген саясаттарды сынға
алған ең жақсы трагедияларында («Британик», («Федра») прециоз
әдебиеттің қасаңдығын, классицизмнің шартты маңыздылығын да
жеңіп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: