335
әдебиеті пайда болғаннан бастап халық (Шекспир) трагедиясы
мен сарай (Расин) трагедиясы ортасында үлкен айырмашылық
туғандығын атап көрсетті. Бұл айырмашылық мынада еді: халық
трагедияшысы өз көрермендері туралы көбірек мәліметке ие
болатын. Сондықтан ол батыл түрде, көтеріңкі рухта олардың
талабына жауап беретін еркін шығармалар жаза білді. Сарайдағы
жазушы болса, өзін көрерменнен төмен деп санады, ол «биік
мәртебелі» жандардың көңілінен шығу үшін өз еркіндігінен
бас тартады, оларды ренжітіп алмауға ұмтылады. Нәтижесінде
жасандылыққа жол беріледі, реалистік көрініс орнын схемалылық
басады.
Достарыңызбен бөлісу: