339
Олардың бірі жаужүрек батыр, ақиқат үшін күресуші Бурр, екіншісі
опасыз Нарцисс. Нерон өз қылымыстары сырының ашылып
қалуынан қорқып жүрген кезде, Нарцисс оны Рим халқын әрқашан
құлдықта ұста деп үгіттейді. Әділ, пәк жүректі Бурр әрдайым
мемлекеттің ауыр жағдайын ойлап, уайымға түсіп, Неронға
монархтың халықшыл және мемлекеттің тоқшылығы үшін жауапты
тұлға болуы керектігін айтып, оған әсер етпекші болады. Бірақ сарай
жұрты (Нарцисс сияқты озбырлар) Неронды дұрыс жолға салудың
орнына, оны жаңа қылмыстар жасауға итермелеп отырады.
Корнель өз трагедияларында жеке билікті нығайту, мемлекеттің
бірлігін қамтамасыз ету үшін күрескен жігерлі жандарды көрсеткен
еді. Расин ХVІІ ғасырдың екінші жартысында шығармашылықпен
айналысты. Бұл уақытта жеке биліктің қарама-қарсылықтары
өршіген, озбыр билеуші болса өзінің шексіз құқықтарынан
пайдаланып, өз жеке мүдделерін қанағаттандыру жолында өте
залым жанға айнала бастаған болатын. Жазушы мемлекет өмірінде
болған осы оқиғаларды үлкен ерлікпен әшкерелейді. Трагедияда
негізінен тарихи оқиғалар суреттелгенмен, осы оқиғалар арқылы
заманының саяси өміріне қатысты мәселелерді, яғни Людовик ХІV-
нің мемлекет билігін өз қолына алуын, озбыр патша сипатында
өзімшілдік таныта бастағанын көрсетеді. Бұл шығарманың басқа
туындылардан ерекшелігі де осында. Расиннің тағы бір реалистік
туындысы «Федрада» (1677) ақсүйектердің рухани күйзелістерін
бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: