17
жалпыхалықтық тілдің сұрыпталған, сымбатталған түрі болып
табылады да, сол жалпыхалықтық тілдің бір құрамы ретінде өмір
сүріп отырса, екінші жағынан, жалпыхалықтық тілдің әдеби тілге
енбейтін бөліктерімен әр түрлі қарым-қатынаста болады.
Сондықтан да әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен қарым-
қатынасы, одан алатын орны, әр кез, әр кезеңде бірдей, біркелкі
болмақ емес, өзгеріп, дамып, құбылып та отырады.
Жалпыхалықтық тіл өзі қызмет ететін халық өкілдерінің
арасындағы қатынас құралы ретінде қоғамдық өмірде оның
рухани байлығын жарыққа шығаруда, сондай-ақ белгілі
территорияға ғана, кәсіпке, іс-әрекетке ғана байланысты аздаған
адамдар
арасында, тұрмыста да өмір сүре алады, қызмет ете
алады. Ал әдеби тіл – оның өңделіп, сұрыпталып, нормалану
қасиетін басынан өткізген ең жоғарғы формасы. Сондықтан да
оны «мәдени өрлеудің, қоғамның барлық іс-әрекетінің,
ғылымның, техниканың, экономиканың, саясаттың,
оқу-ағарту,
мәдени жұмыстардың құралы» деп танып жүр.
Халықтық қасиеті бар әдеби тіл сол халықтың тілінің
негізінде жасалады да, сол тілмен үнемі тығыз қарым-қатынаста
болады: сөйлеу тілінің байлығы мен мүмкіншіліктерін үнемі
сұрыптап, таңдап-талғап, елеп-екшеп пайдалану арқылы дамиды.
Сөйлеу тілі көбінесе әдеби тіл нормаларын қабылдап, оларды
бойына сіңіре, шыңдала түседі.
Халық тілінің екінші бір бөлігі болып табылатын ауызекі
сөйлеуге байланысты қарапайым сөздер, белгілі бір территорияға
байланысты жергілікті тіл ерекшеліктері, арнайы кәсіпке
байланысты белгілі мөлшердегі адамдарға ғана түсінікті кәсіби
сөздер, халықтың белгілі тобына ғана қатысты жаргондар, жөнсіз
қолданылған бөтен тілден енген кірме сөздер – варваризмдер т.б.
әдеби тілге қарама-қайшы құбылыс болып келсе де, олардың
қоғамдық өмірде жарыса өмір сүруіне толық мүмкіндігі бар,
кейде тіпті олар әдеби тілге еніп, нормаланып,
әдеби тілді
байытуға қатысып, жалпыхалықтық көрініс алатын орны –
көбіне-көп көркем шығарма. Көркем шығарма тілінде қарапайым
сөздер де, диалектілік ерекшеліктер де, кәсіби сөздер де,
жаргондар мен варваризмдер де жиі кездесіп отырады. Әсіресе,
кейіпкер тілінде орынды қолданылған ондай тілдік элементтер
көркем туындының нәрін келтіріп, оған образдық мән беріп
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
18
тұрады. Сөйтіп көркем шығарма тілі, бір жағынан, тілдік
нормаларды қалыптастырып, тұрақтандырып отырса,
екінші
жағынан, ол нормадан ауытқуға, жаңа норма жасауға да
мұрындық болып, әдеби тілдің үнемі дамып, өзгеріп отыруына
әсер етеді. Көркем шығарма тілінде тек көркем стильге жататын
тілдік элементтер ғана емес, әдеби тіл нормасы шеңберінен
шығып кететін тілдік элементтер де кездеседі. Әрине, ондайда
көркем шығарма тілі бірде әдеби тіл көрсеткіші болып, енді бірде
әдеби тіл нормасынан тыс қарапайым сөйлеу тілінің көрсеткіші я
жергілікті тіл ерекшеліктерінің көрсеткіші болып құбылып
отырмайды. Бұлар көркем шығарма тілінің айналымына түсісімен
әрқайсысы жеке дара өмір сүрмей, жаңа тілдік қарым-қатынас
жүйесіне бағынып, негізгі көркем стильдің икеміне түсіп, соның
көлеңкесінде көркемдік мәнге ие болуға жұмылады. Бұл
жалпыхалықтық тілдің әдеби тіл нормасына енбейтін, оған
қарама-қайшы бөлігінің қолданылуының бір жағы. Екіншісі –
ондай тілдік элементтерді авторлық баяндауда қолдану мәселесі
жайында.
Көркем сөз шеберлерінің көпшілігі-ақ
өз шығармаларында
көпшілік қауымға түсінікті бола бермейтін, белгілі ғана
территорияда жұмсалатын тілдік үлгілерді қолдануға құмар.
Әрине, ондай қолданыстардың дұрыс-бұрысын байыбына барып
қана айтуға болады. Өйткені ондай тілдік қолданыстар әдеби
тілде баламасы бар, тек жазушының өзі ғана білетіндіктен,
жазушы туған ауылда жұмсалатындықтан ғана болып отыр ма,
болмаса ол білдіретін мән, мағыналық нюанс әдеби тілде жоқ,
сондықтан белгілі стильдік мақсатпен жұмсалып, мағыналық жүк
көтеріп тұр ма – осы жағы мұқият тексерілуі керек.
Ш. Сарыбаев: «Бұрын говор белгілі бір аймақ шеңберінде ғана
қолданылып,
кейін жазушы, әсіресе журналистердің жиі-жиі
қолданылуы арқасында, олардың сөз уағыздаудағы игі
еңбектерінің нәтижесінде тар шеңберден шығып, әдеби тіл
деңгейіне дейін көтерілген, жалпыхалықтық қолданыс дәрежесіне
жеткен
дақыл, бағбан, мұрап, дуал, шабандоз, атыз, арасан суы,
дәліз, асар сияқты сөздеріміз аз емес»,- деп көрсетеді. Тағы да
осы көркем шығармалар арқылы жаргон деп танылып жүрген
құлап қалу (емтиханда),
телик (телевизор),
жатақ (жатақхана),
ақмағанбет (арақ),
аққайнар (шампан) т.б. сияқтылар әдеби
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
19
тілдің игілігіне айналып бара жатқан тәрізді. Бірақ өкінішке
қарай, кейбір
қаламгерлер диалектизмді, қарапайым сөздерді,
жаргон, варваризмдерді авторлық баяндауда жұмсауда бұндай
өреден шыға алмай жүр. Ол жайында тілші ғалымдардың
еңбектерінде кейбір жазушының шығармасы сыналып та жүр
9
.
Ш.Сарыбаев жоғарыда аталған мақаласында газет-журналдар
тілінде, жеке жазушылар шығармасында қолданылған мына
сияқты жергілікті тіл ерекшеліктерін:
сәл нәстеге күйіп-пісіп (сәл
нәрсеге),
түн жарасында (түн жартысында, жарымында),
үйдің
егесі (үйдің иесі),
қажетіңе жарататындай шаруа шығып
жатырса (жатса)
сатармыз,
сені көргісі жоқ, үйден кеткем
жоқ, мүлде сенгісі жоқ, көз алдында ұстап тұрғысы бар, терең
үңілгім бар т.б. көрсете келіп, «кейбір жазушы,
журналистер
«халық тілінің сөз байлығын сарқа пайдалану» дегенді өздерінше
түсінетін сияқты. Олар әдеби тілдің нормасымен санаспай, өзінің
жастайынан үйреніп, құлағына сіңіп қалған аймақтық сөздерді
әдеби тілге енгізгісі келеді. Одан әдеби тіліміз ұтылмаса,
ұтпайды. Мұндай ерекшеліктер әдеби тілімізді шұбарлайды,
шығарманың түсініктілігін қиындатады, әдеби тіліміздің
нормасына нұқсан келтіреді», - деп ашық айтады (Сонда).
Осының өзінен әдеби тіл мен жалпыхалықтық тілдің басқа
түрлері әр түрлі қарым-қатынаста болатынын, бірде олар әдеби
тілге ауыс-түйіс жасап, әдеби тілдің қажетін өтеп, оны байыта
түсуге
себін тигізіп отырса, енді бірде әдеби тілдің тазалығына
нұқсан келтіреді, енді бірде әдеби тілдің көркем қасиетін тануда
салыстыру материалы орнына да жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: