Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет35/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   167
Жастыц криздер  немесе  криздік  кезеңдер  деп  адамның  биологиялық және 
әлеуметтік  ф ункциясы ны ң  өте  интенсивті  қайта  құрылуы  жүретін  өмір 
кезеңдерін айтамыз, бұл кезде сыртқы орта әсерлеріне сезімталдық жоғарылайды, 
ауру туындау қаупі өседі.  Криз индивидумның психикалық дамуының, жүріс- 
тұрыстың жаңа  мотивтерімен және алға қойылатын жаңа әлеуметтік талапта- 
рымен жаңа сапалық сатысының басталуын білдіреді.
Балалар психологиясы мен психиатриясында 3 негізгі криздік кезең бөлінеді: 
3,  7,  12,  15  жас.  Барлық  криздік кезеңдердегі  психикалық жауаптарға жалпы


70
V Тарау.  Психопрофилактика
тән ерекшеліктер болады: балалар ашуланшақ болады, тітіркенгіш, тыңдамайтын, 
ересектермен қатынаста айқын негативизм танытады.
3 жастағы жастық криздің  маңызы  баланың  барлық айтқандары ересектер 
тарапынан орындалатын, жүріс-тұрыстың реактивті формасынан «Мен» деген 
жүйенің (өзіндік сана) пайда болуы және бәрін «өзім жасаймын» («Мен өзім») 
деген ұғымдардың пайда болуымен жүретін белсенді формаға ауысуында болып 
табылады.
7 жастағы жастық криз негізі —  әлеуметтік,  өзіндік сананың оянуы  болып 
табылады.  Өзін  іс-әрекет  субъектісі  ретінде  бағалау  сатысынан  адамзаттық 
қарым-қатынас жүйесіндегі субъект ретінде бағалауға көшуі.  Бала өмірін тол- 
тыратын ойын, шынайы әлеуметтік өмір қажетгіліктеріне сәйкестігін жоғалтады, 
бұл жағдайда жүйелі оқу бастамасы осы жас кезеңінің кризистік ситуациясын 
нивелирлеуге қабілетті болады.
Жасөспірім шақтағы кризис аса жедел және ұзақ мерзімді болып табылады, 
ол  пубертатты  криз  деп  аталады.  Криз  мазмұны  өзін  таныту  мен  өз  пікірін 
ұстануға  қажеттіліктің  басымдылығынан  тұрады,  бұл  қажеттіліктер  кейбір 
жағдайларда  жасөспірімнің  социалды  және  психикалық дамуында  синхрон- 
дылықтың болмауына байланысты жиі көрініс бермей қалады. Объективті түрде 
есею, таным шеңберінің кеңеюі, жаңа қызығушылықтардың пайда болуы кезінде 
жасөспірім әлеуметтік сала тарапынан ересектерге тәуелді болып қала  береді, 
сондықтан оның көп істері шындықпен араздыққа алып келеді. Жиі байқалатын 
қарқынды  жыныстық даму,  әсіресе,  ер  балаларда  эндокриндік,  вегетативтік 
өзгерістермен  және  соматопсихикалық дисфункциялармен  көрінеді.  Психо- 
жарақаттаушы факторлардың әсерімен организмнің реттеуші функциясының 
бұзылуы кезінде невроздық реакциялар, депрессивтік жағдайлар оңай дамиды, 
пубертатты  криз  кезінде  алғаш  эндогенді  психикалық  аурулар,  атап  айтсақ, 
шизофрения жиі көрініс  береді.
Бұл жаста  психикалық  патология диагностикасының  ерекше  қиындығы, 
аурудың  бастапқы  симптомдары  пубертатты  кризге және  акселерацияға  тән 
психикалық  сфераның  және  жүріс-тұрыстың  әрқилы  диссоциациясын  бей- 
нелейді.  Жыныстық жетілу  кезеңіне  ешқандай дертсіз-ақ  эмоциялық тұрақ- 
сыздық, жоғары қозғыштық,  импульсивтілік,  қарқынды қиял ойыны, ересек- 
тердің  пікірін  қабылдамау ж әне  құрдастарының  пікіріне  сезімталдық  тән. 
Суреттелген  психикалық  ерекшеліктер,  психикалық ж әне  физикалық даму 
деңгейіндегі максималды диспропорциялар, жүріс-тұрыстың әр түрлі бағытталған 
мотивтері әлеуметтік бейімделудің қиындықтарын туғызады және жиі тәртіптің 
бұзылуының және жасөспірімдердің қоғамға қауіпті әсерлер көрсетуінің себебі 
болады. Жүріс-тұрыс бұзылысының профилактикасы үшін олар жөнінде жал- 
пы  болса да түсінік болуы керек.
Балалар мен жасөспірімдерде байқалатын жүріс-тұрыс бұзылысы негізінде 
жатқан әр түрлі реакциялар 4 типке бөлінеді: бас тарту реакциясы, оппозициялық, 
имитация және компенсация.
Бас  тарту  реакциясы  бірдемеден  айырылған  кездегі  баланың  немесе 
жасөспірімнің  эмоциялық  күйі  бұзылған  жағдайларда дамиды:  интернатқа 
орналастыруға  байланысты  отбасынан  бөліну,  ата-анасы ны ң  ажырасуы


Балалық және жасөспірімдік  шақ психиатриялық аспектілері.
71
себебінен  олардың  бірінен  ажырау,  жаңа  тұрғылықты  орынға  көшуге  байла- 
нысты  достарынан  ажырау.  Бұл  кезде  бала  тамақтан,  қарым-қатынастардан, 
ойыннан және т.б.  бас тартады.
Оппозициялық реакция отбасында іні немесе қарындас  пайда  болуына бай- 
ланысты шамадан тыс жүктемеден немесе жасөспірім өзіне бөлінетін көңілдің 
азаюынан  пайда  болады,  анасының  күйеуге шығуы және  басқа да себептерге 
байланысты дамиды.  Суицидальды әрекеттердің,  үйден қашудың,  бұзақылық 
істердің  мотиві  болып  өзіне  көңіл  аударту,  өзін  басқа  жауыз  адамдардың 
ықпалымен болған ситуация құрбаны етіп көрсету болып табылады.
Имитация реакциясы  өзге  тұлғаға  немесе  бейнеге  —  кино  жұлдызына, 
тәрбиешіге,  құрдасына  еліктеумен  көрініс  береді.  Имитация  реакциясы  егер 
еліктеу объектісі антисоциалды тұлға болса социалдық нормалардың бұзылуына 
себеп  болады.  Теріс  имитация реакциясы өзін  қандай да  бір  бейнеге қарама- 
қарсы  ұстауға  талпынысымен  көрініс  береді:  маскүнем  баласының  спиртті 
ішімдік ішпеуі;  пайдақор отбасында өскен жасөспірім немесе қыз-жігіттердің 
материалдық көмектен бас тартуы.  Имитацияның теріс реакциясы шеңберінде 
эмансипация реакциясы пайда  болуы  мүмкін,  ол — жасөспірімнің өз құқығы 
мен еріктілігі үшін күресі.
Компенсация реакциясы — кейбір жетіспеушіліктерді толықтыруға бағытталған: 
физикалық әлсіз жасөспірім өз қатарына ой еңбегі арқылы теңесуге тырысады, 
үздік оқиды, өзінің энциклопедиялық білімімен таң қалдырады.
Гиперкомпенсация реакциясы  жасөспірімнің  әлсіздік  танытқан  саласында 
табанды дайындалып, аса жоғары нәтижелерге жетуімен көрініс береді.  Бала­
лар  мен  жасөспірімдерге  ортақ  аталған  реакциялардан  өзге  жасөспірім  шақ 
үшін арнайы реакция түрлері бөлінеді: эмансипация реакциясы, құрдастарымен 
топталу реакциясы, әуестену реакциясы (хобби-реакция), сексуалды әуестікке 
байланысты реакциялар.  Эмансипация реакциясы туралы жоғарыда айтылды.
Күрдастарымен  топ  құру реакциясы  белгілі  бір  деңгейде  инстинкт  түрінде 
детерминирленген;  өз лидері  бар  жасөспірімдік топтардың  құрылуымен,  топ 
ішінде рөлдердің  бөлінуімен,  өздерінің  нақты территорияларын  бөлумен  си- 
патталады.  Көптеген  қылмыстарды  осындай  топ  жасөспірімдері  жасайды. 
Әуестену реакциясы балалардың ойыны тәрізді жасөспірім шаққа тән қасиет. 
Әуестіктің әр түрі болады:  құмар ойындары, байлық жинауға құмарлық, лидер 
болуға  құмарлық  ж әне  интеллектуалды-эстетикалық  ж әне  т.с.с.  Әуестік 
жасөспірімдердің бар ой-санасын билеп алған кезде жүріс-тұрыстық бұзылыстар 
дамиды, оқуға және еңбекке қарсы қояды, әлеуметтік нормалардың бұзылуымен 
байланысты.
Сексуалды әуестік реакциялары  — тікелей жыныстық қозудың  іске  асыры- 
луына  бағытталған  (онанизм,  өтпелі гомосексуализм)  немесе терең жасырын 
сексуалды  күйді  білдіреді  (суицидальды  әрекет,  агрессия  актілері).  Ж асөс- 
пірімдердің сексуалдылығы  әртүрлі тітіркендіргіштер әсерінен  пайда  болады, 
тұрақсыз, аса сезімтал және патологиялық түрге оңай ауысады.
Барлық суреттелген реакциялар қалыпты жағдайлармен қатар патологиялық 
психикалық реакцияның да көрінісі болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет