Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет34/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   167
БАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ  ЖАСӨСПІРІМ ДІК 
ШАҚ  ПСИХИАТРИЯЛЫҚ АСП ЕКТІЛ ЕРІ 
ЖӘНЕ  ПСИХОПРОФИЛАКТИКА  М ӘСЕЛЕЛЕРІ
Адамның психикалық саулығының негізі ерте балалық шақтан қалыптасады. 
Сондықтан, бала өмірге келгеннен бастап оның тәрбиесі мен дамуын қадағалап 
отыру керек.  Баланың психикалық жағдайына дұрыс көңіл бөлу керек,  себебі 
16 жасқа дейінгі кезеңде психикалық бұзылыстарға ұшырау қаупі жоғары  бо- 
лады.  ОЖЖ дамуының жетіспеушілігі мен оның жауап беру жеткіліксіздігінен 
балалардың қалыпты жағдайда және патология кезінде де жүйкелік-психикалық 
реакциялары   өзіне  тән  ерекш еліктерімен  сипатталады.  Невроздар  мен 
психоздардың  ағымы  ж әне  нәтижелері  ересек  адамдармен  салыстырғанда 
өзгеше.
Ересектерге  қарағанда  балалар  сыртқы  ортаның  әсеріне  көбірек  тәуелді 
болады.  Бала организмі тек өмір сүріп қана қоймайды,  сонымен қатар,  өседі, 
дамиды,  психикалық  процестері  қайта  құрылып  отырады.  Мұның  өзі  бейім- 
делгіштік  механизм  күшін  керек  ететін  үлкен  жүк  болып  табылады.  Типті 
психикалық дамуында  ауытқулары  бар,  даму ерекшеліктері  өзгерген  балалар 
аса қиын жағдайға түседі.
Жалпы ауруларға байланысты (соматикалық, инфекциялық), микроәлеуметтік 
ортаның жағымсыз әсерлеріне байланысты кейде өсу тежеледі, жеке психикалық 
функцияларға қатысты жалпы немесе жеке психикалық даму тежеледі. Жалпы 
психикалық жетіспеушілік кейде ақыл аздық немесе олигофрения — кемақылдық 
түрінде көрінеді немесе квалификацияланады. Басқа бір жағдайларда психикалық 
даму жетіспеушілігі  әлсіз  байқалады  ж әне  ересектерде  балалық,  аңқаулық


Балалық және жасөспірімдік  шақ психиатриялық аспектілері.
69
ретінде көрініс  береді,  психикалық инфантилизм түрінде бағаланады.  Әдетте, 
психикалық инфантилизмге  физикалық инфантилизм  сәйкес  келеді.  Бұндай 
адамдарда  25-30  жаста  жасөспірімдік  бейнесі  сақталады,  дене  салмағының, 
бойының жетіспеушілігі байқалады, екіншілік жыныс белгілері нашар дамыған 
болады.  Ой-пікірінің  жетік  дамымауы  себебінен  мұндай  адамдар  өзгелердің 
ықпалына  түсіп  кетеді,  күшті және  авторитетті  кісілердің  пікіріне  бағынады, 
өзгенің еркін орындайтын пассивті орындаушы болады. Инфантилизммен қыз 
балалар мен жігіттер асоциальды ортаға түскенде олар осы ортаға сәйкес өмір 
стилін  жеңіл  қабылдайды.  Олар  спирттік  ішімдіктерді  қолдануға  үйірленеді. 
Қылмыстық әрекеттер жасаулары мүмкін.
Жеке  психикалық  функциялар  дамуының  тежелуі  психикалық дамудың 
жалпы  теңсіздігіне  —  асинхронияға  әкеліп  соқтырады.  Осындай  жағдайда 
сақталған  психикалық  функциялар,  осындай жетіспеушілік  болған  жағдайда 
соның  орнын  толтыру  үшін  қарқынды  дами  бастайды,  кейде  ол  біржақты 
дарындылық  түрінде  көрінеді,  психикалы қ  теңсіздіктің  айқындылығын 
көрсетеді.
Даму біртексіздігі тежелусіз-ақ жүйелер  мен  мүшелердің әдеттегіден күшті 
жетілу нәтижесінде де болады.  Бұл құбылыс акселерация деп аталады. Акселе­
рат жасөспірімдер мен жастардың бойлары ата-анасынан ұзын, сүйек-бұлшықет 
жүйесі жақсы жетілген; олар жыныстық қатынаста да және өздерінің физикалық 
белгілері бойынша ерте дамуларына, басқа жынысқа деген қызығушылықтарының 
ерте  дамуына  байланысты  олар  ерте  үйленіп,  балалы  болуларына  болар  еді. 
Бірақ  берік  социалды  жағдайдың  болмауы,  материалдық ж әне  моральдық 
дербестіктің  болмауы,  ең  бастысы,  психологиялық дайындықтың  болмауы 
оларға  өз отбасын  құруға  мүмкіндік  бермейді.  Қазіргі өмір жағдайына  байла- 
нысты,  қарым-қатынас  және  ақпарат  құралдарының  қолжетімділігіне  (газет, 
журнал,  радио,  теледидар,  кино)  байланысты  көптеген  балалар  өткенмен 
салыстырғанда жылдам,  интелектуалды түрде дамиды.  Нәтижесінде тұлғалық 
ерекше  маңыздылығын  сезіну,  өзінің  құрдастары  қатарында  басымдылығы 
жөнінде иллюзия,  қызығушылықтарының жасына сәйкес еместігі кейде кон- 
серватизмге  ж әне  ересектердің  бірж ақтылығы на  қарсы   (ата-ананы ң, 
оқытушылардың)  наразылық тудырады.  Өмірлік тәжірибесі  болмай тұра өзін 
танытуға  ұмтылу,  ситуацияларға  ересек  көзқарастың  болмауы  конфликтіге 
әкеліп  соқтырады.  Нәтижесінде  барлығынан  түңілу,  депрессивті  реакциялар 
түрінде жасөспірімнің өзі зардап шегеді.  Балаларда психикалық дерттің баста- 
луы жастық криздік кезеңдермен ұштасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет