Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова


Естің жасқа байланысты  ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет71/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   167
Естің жасқа байланысты  ерекшеліктері
Балалар қиялы өте бай болып келетіндіктен,  оларда жиі конфабуляциялар 
мен  псевдореминисценциялар  кездеседі.  Бала  ауруханада  жатып,  туыстары 
келмеген  кезде  де  анасымен  жаңа  ғана  кездескендігін  «ол  маған  келді»  деп 
айтуы  мүмкін.  Ереже  бойынша,  олардың  әңгімелері  қанық,  фантастикалық 
детальдарға  бай  болып келеді.  Кейде  олар  ертегі  мазмұнын  өздеріне қатысты 
оқиға  ретінде  әңгімелейді,  өздерін  шығарма  кейіпкері  ретінде  санайды.  Со­
нымен қатар,  балалық шақта, әсіресе,  10 жасқа дейінгі балаларда ес иллюзия- 
лары жиі кездеседі,  балалар қиял мен шындықты ажырата алмайды.
Ж асөспірімдерде,  ересектерде  алкогольдік  мастану  жағдайында  естің 
ошақтық түсіп қалулары — палимпсестер бақыланады, бұл кезде қимыл-әрекет 
автоматтылығы  сақталады.  Науқастар  қозғалыста,  қарым-қатынасқа  түседі, 
бірақ  келесі  күні  ол жөнінде толық есте  сақтай  алмайды,  үзік-үзік  қана  еске 
алады.  Егде және  кәрілік жаста  ес  бұзылыстары жиі  кездеседі және  орталық 
жүйке жүйесінің склероздық үрдістерімен  байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет