күпияларына Батыстык мэдениет зор ыкылас білдіруде. 4.2 Батыстын мәдениет әлеміндегі адам болмысы Антик мәдениетінде ұзак уакыт бойы адамның әлемнен ажырамас жэне терең байланысы бар екендігі туралы идея мойындалып келді. Бірак уакыт өте келе сонымен катар әлемдегі адам болмысының жаңа көзкарасы да калыптаса бастады. Адамның әлемдегі орны туралы бұл жаңа көзкарас тек адам болмысының ғана емес, оның жалпылықтағы, универсалдылыктағы болмысында тұракты негізінің мэселелерін шешудің мүлдем жаңа тәсілімен байланысты болды. Мұның өзі адамды тек өз өмір камымен белсенді айналысу ғана емес, барлық бағытта белсенді әрекет етуді интуитивті ұғынуға экелді. Қойылған мэселеге жауап іздеу оның негізін негіздеуден басталып, кейінірек адамның белсенді эрекетінің өзінің мәні туралы сұракка жауап ізделе бастады. Жауаптың генезисі (шыіу тегі) адамның табиғаттан бөлініп шығу мүмкіндігін пайымдаудан жэне табиғатка катыстьі оның кім екендігі туралы мэселені шешуден келіп шығады. Сұракка жауап іздестіру мынадай мәселелерді талкылаудан басталады. жазмыш пен тағдыр, жауапкершілік пен парыз тақырыптары, өз орнын белсенді түрде өзгерту мүмкіндігі мен өз болмысының мэнін өзгерту мәселелері. Адам мен табиғаттың байланыстылыты идеясын қабылдап жэне бөлісе отырып, батыстық философтар болмыстың нақтылығы мен шынайылыга мәселесін шешуде ақыл-ойға сенім білдірді. Ақыл-ойға сенім білдіру болмыс мәселесін шешуде өз нұсқасын (вариантын) ұсынған парменидтік философияда ерекше айқын көрінеді. Парменидтің пікірінше, нағыз болмыс - бұл әркашан да бар нэрсе. Ал болмыс әркашан да тұтас жэне бөлінбейтін болғандыктан, ол туралы ой да бүтін жэне бөлінбейді, оның үстіне оның өз болмысы бар. Нағыз