мокрит бос кеңістік деп атайды. Бос кеңістік - бұл бейболмыс, бірақ ол — материалды, атомдардың сапалык жағдайла- рына бейтарап, ол атомдардың гүрағы болғандыктан ғана олар- дың өзара әсері мен орын ауыстыруларына бөгет болмайды. Бос кеңістікті пайымдауға ұмтылу денелер мен заттардан өзге материалдык жағдайлардың бар болу мүмкіндігі туралы моди- фикациялык көзкарас болып табьшады жэне сонымен катар, «кеңістік туралы денелер туралы ойлаудан өзгеше пайымдауға ұмтылған алғашкы талпыныс» болып табылады. Демокриттің тағы бір атақты жаңалығы атомды материалдык дене ретінде ғана емес, мэнділік ретінде түсіндіруінде болды. Бұл жаңалык материя үғымына карай интеллектуалдык тұрғыда алға басуға себеп болды. Егер болмыс мәселесінің Демокриттік шешімі дискреттік кұрам туралы идеяға негізделіп, ал болмыстың өзі заттардың неден тұратындығымен сипатталатын эклектикалык деректерге келіп тірелсе, Платондык шешім болмыстың мэніне катыс- ты пайымдаушылык теорияларға сүйенеді. Платон үшін калып тасу әлеміндегі болмыс олардың шегі болып табылады. Болу - өз-өзіне сэйкес келу. Демокриттен ерекшелігі сонда, ол болмысты затгар әлемі мен адамдардың күнделікті тіршілігінен тыс, бөлек идеалдылык ретінде карастырады. Егер Демокрит антик философиясында атомдар болмысының материалдылығы мен шексіздігін табиғат әлемі мен болмысты жэне олармен адам болмысын ажырата отырып негіздесе, ал Платон идеялар элемімен біріктірілген, әр түрлі формаларда өмір сүретіндерге тэн жалпылык пен ерекшелікті аныктауға ұмтылып, идеалдылык болмысын негіздейді.