Постмодерндік ғьшымда релятивистік көзкарастар өркен жайған казіргі жағдайда болмыстың мүмкін болатын стратегиясы абсолюттік үмітсіздіктен модернистер ұсынған «центризмнің» жаңа жорамалын негіздеу жолы аркылы емес, Делез айткандай, «хаос түріндегі әлемді» мойындауға негізделген идея аркылы жүзеге асады. «Хаос түріндегі әлемді» айғак ретінде қабьшдау - міне, болмыстың жаңа стратегиясының принципі. Делездің пікірінше, болмыстыц бұрынгы барлык логоцентристік жорамалдары болмыстың түрақтылыгы, беріктілігі туралы көзкарастан туындаған. Классикалык философияда 126
болмыс туралы мұндай көзкарасты бекітудің тәсілі ретінде ұғымдар қолданылды. Болмыстың классикалык жорамалындағы барлық ұғымдар хаосты теріске шығару позициясын ұстанады, ал ой сөздік-дыбыстык қалыпка ене отырып, үнемі ұғымдармен өлшенуі тиіс. Мұндай позиция нәтижесінде алдын-ала таңдалған орталыкты негіздеу жолымен болмыстың тұрактылыты туралы көзкарасты бекітті. Делездің ойынша, болмыс стратегиясындағы ең басты нэрсе - ойдың үнемі козғалысын мойындау, оның территориялаңдырылуы мен орталыктандырылуына жол бермеу. Деррида еуропалық метафизика мен оның сынын (М. Хайдеггерді) талдай отырып, оны одан эрі радикалды түрде сынауға ұмтылады. Дерриданың ескертуінше, бүкіл еуропалык метафизика мен еуропалык мәдениетгегі маңызды принциптердің бірі философия мен психологияда рационализмді бекіткен центрация принципі болып табылады. Тарихта центризм презенто - немесе футуроцентризмді негіздейді, яғни тарихи