жоғары коятын нәсілшіл теорияларды жатқызуға болады. Нәсілшілділіктің жарамсыздығын адам генотипінің ерекшілігінің нэсілдік емес, индивидуалдық денгейде көрінетіндігі аркылы дэлелдеуге болады. Табиғатта кандай да болсын нәсілдік, үлттык немесе элеуметтік генотиптер өмір сүрмейді. Дарвиннің табиғи сүрыпталу ілімін негізге ала отырып коғамдык өмірді түсіндіруге тырыскан социал-дарвинизмнің өкілдері де осы биологияландырушы позицияны ұстанды. Қазіргі кездегі ғылымда адамның биоәлеуметтік табиғаты туралы пікір қалыптастьі. Мұның үстіне адамның әлеуметтілігі төмендетілмейді, есесіне Homo sapiens жануарлар әлемінен бөлініп, оның элеуметтік жанға айналуындағы шешуші рөлі баса айтылады. Адам пайда болуының биологиялык алғышартын ешкім теріске шығара алмайды. Тіпті ғылыми дәлелдерге сүйенбей-ак, қарапайым бақылаулар мен кадағалауларды жетекшілікке ала отырып, адамның табиғи өзгерістерге - атмосферадағы магниттік борандарға, күннің белсенділігіне, жер стихиялары мен апаттарына барынша бағыныштылығын аңғаруға болады. Екінші жағынан адамның калыптасуындағы үлкен рөл еңбек, адамдар арасындағы өзара катынастар, олардың элеуметтік жэне саяси институттары сиякты элеуметтік факторларға тиесілі. Бүлардың әркайсысы жеке өз алдына адамның жануарлар әлемінен бөлініп қалыптасуына әкелуі мүмкін емес. Бүл тек олардың өзара әсері мен диалектикалық тұтастарының аркасында ғана мүмкін болады. Адам жер бетінде өмір сүретін биологиялық түрдің біріне жатқандыктан оның биологиялык табигатын гомоноид (адамға ұксас) ретінде оған тиесілі түрлік қасиеттердің жиынтығы аныктайды. Алайда,