бұл ізгіліктін қайтарымы емес, ізгіліктің өзі, өз кұмарлыктарымызды нокталағанымыз үшін бакытты емеспіз, керісінше, біздің бақытты болуымыз оларды ноқталауға кабілетті етеді». Бақыт адамға сезілетін кұбылыс сиякты көрінгенімен, ол ішкі кайшылыктарға толы. Этика тарихында бакыттың мэні туралы пікірлер мен көзкарастар өте көп. Мәдениет тарихында бакыт туралы колданбалы этикалык пән- фелицитология калыптаскан. Маңызды фелицитарлык шығармалар катарына төмендегілер жатады: Аристотельдің «Никомах этикасы», Сенеканың «Бакытты өмір туралысы», Ф. Аквинскийдің «Бакыт туралы трактаты», Боэцийдің «Философиялык жұбанышы», Августиннің «Бакытты өмірі», Гельвецийдің «Бакыт» поэмасы, Л. Фейербахтың «Эвдемонизмі», Дж.С. Милльдің «Еркіндік туралысы», Э. Фроммның « Өзі үшін адамы», В. Татаркевичтің «Адамның бакыты» жэне т.б. Этика тарихындағы бұл шығармалар бір тақырып төңірегінде жазылғанымен, алуан түрлі көзкарастарды ұстанады. Бірі бақыт сүйіспеншілікте деп тұжырымдайды. Алайда, бақыттын тез өткіншілігі де белгілі. Бакыт жастыкта ма? Бірак, Цицерон кэрілік - 237
бақыттылау деп есептейді. Көпшілігі бакыт кажеттіліктерді канағаттандыруда деп санайды. Алайда, тойымшылықтан бас тартып, өзін-өзі шектейтіндер қателесе ме? Мүмкін достыкта болар? Бірак «достан қашык бол, жауың одан қауіпті емес». Білім ше? Бірак «білім алған адам кашыны да арқалайды». Даңк? Алайда, «даңкты іздеме? Өйткені онда сені кезкелген жағымпаз тауып алады». Бакыттың парадокстары көпкырлы.