ойлары, білімі, кайырымдылығы аркылы калатын болса, ол кайта тууы мүмкін. Сѳйтіп адам өмірінің мэні алдыңғы ұрпактын элеуметтік тэжірибесін белсенді түрде игеруде, ізгілікті істерінде екен; сонда тэн ѳлгенімен жан мэңгі калады: Тэннің үйі - кара жердің аясы, Шыбын жанның тэн-баспана, саясы. Биік ушса, жэннатка енгені, Томен түссе, бір пэленің келгені. Екеуінің бірі болар, алайда, Жаның мэңгі калар тірі калайда! Адам муңлык болғанымен күнэсіз, Құрып тэні, өшер сөзі, шүбэсіз! Қайдан келді? Енді қайда барады? Қай жерде тур? Енді канша калады? Біліктілер айта ала ма эрдайым? Білікті жок шешер мұның жұмбагын, Жалғыз алла канық, білер сырларын. Бұл сұрактарға жауап іздеген біздің гуламалар «мэңгілік адамгершілікте» деген түйінге келген. Абай айткан «Адам бол!» ұстанымының мәнісі де осында жатыр. Адам болудың маңызды бір шарты өзіндегі нәпсікұмарлыкты тежеу. Бұл жолда, Қ.А. Ясауидің пікірінше, адам өзіне өзі соғыс (жиһад) жариялауы керек. Нэпсікұмарлыкты тежеуде дін үлкен рөл аткарған. Әрине, исламда экстремистік кейбір сарындардың болуы мүмкін. Бірақ, жалпы алғанда, этикалық мазмұны бойынша исламдық қундылытар казак әдеп жүйесінде оң кызмет аткарған. Ойымыз көрнекі болу үшін жоғарыдағы Сүлеймен ойларын ары карай жалғастырайык. Рухым айтады: діннің ісін жасылап жолға койып, Ізгілік, жақсылық, жауыздык атаулыны айырып. Түп болса, тағат ғибадатпен тік отырып, Күндіз болса, салауат (айтып) ораза тутамын дейді. Алайда, жалғыз діни көзкарастар о дүниедегі жаксылық пен жамандык төңірегінде ақырына дейін анығын айта алмайды. Сондыктан өмірдің мазмунына, оның мәніне өте салауатты, шынайы карау керек.