талаптарын білу ғана емес, осы талаптарды тәжірибеде сактау да. Көптеген ғұламалар борыш сезімін жоғары бағалаған И. Кант жазғандай, борыш - адамды өзінен өзі жоғары етіп коятын ұлылык. А. Блок та оған косылғандай: «Парызсыз шынды ұмытпа, ол - бұл әлемдегі жалғыз әуен. Парызсыз өмір де, кұштарлык та жок» деген. Бүрынғы тоталитарлык-экімшілік жүйе әдептің маңызды ұғымы парызды адамгершіліктен бөліп алып, тұлғасыздандырылған жалпылама талап мағынасында колданды. Адам өзінің ішкі кажеттіктері мен мүдделерінен бас тартып, коғамның, мемлекеттің, партияның бұйрыктарын бұлжытпай орындауын парызды өтеу деп түсіндірілді. Шын мәнісінде, парыз - ар өлшемі, жер бетінде жаратылғандардын ең тамаша туындысы да - адам. ¥лы Абай айткандай, кұдай адамзатты өз махаббатымен жараткан. Парыз адам болудың кадірін білу деген сөз. Адамға дүниедегі ең киыны, күрделісі - нағыз адам болу. Ол осы жоғары аттың иесі екендігін ешкашан ұмытпай, күнделікті өмірде көрсетіп отыруы тиіс. Әйтпесе, адамдык келбетін жоғалтып, хайуанға құсап кетуі мүмкін. Ондай жағдайда адам өзінің кісілік касиеттерінен айырылып та калады. «Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар» деген халқымыз. Кісілік бұл жерде адамгершілік ұғымының баламасы ретінде колданылып отыр. Кәсіби этиканың маңызды категорияларының қатарына абырой категориясын жаткызуға болады. Кәсіби абырой - бұл өз борышын жан- тәнімен орындаудың жоғары әлеуметгік кұндылығын (қажеттігін жэне маңыздылығын) түсіну жэне оны коғамдық көзқараспен тану. Абырой категориясы намыс категорясымен тығыз байланысты. Бұл категориялар іс жүзінде өздерінің объективтік мазмұны бойынша