Оқулық, оқу-әдістемелік құралдар Студенттерді ойландыратын сұрақтар


Балалардың заттардың көлемі мен оларды өлшеу туралы ұғымдарын қалыптастыру



бет10/19
Дата10.03.2022
өлшемі61,95 Kb.
#27384
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
Дәріс қысқаша мазмұны

Балалардың заттардың көлемі мен оларды өлшеу туралы ұғымдарын қалыптастыру

Дәріс жоспары:

1. Балаларды заттың көлемі мен өлшеуге үйретудің маңызы.

2. Көлемді өлшеудің әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

3. Өлшей білуді баланың ойын әрекетіне қолдануға үйрету.



Дәріс барысы:

Көлем математиканың негізгі ұғымдарының бірі. Көлем туралы нақты түсініктер: ұзындық, алаң, көлемі, өлшем, жылдамдық т.б. Мектеп жасына дейінгі балаларда затты көлеміне қарай салыстыру үшін белгілі бір өлшемді белгілеп алады: мысалы: құмды, суды өлшеу үшін стақанды өлшем бірлігі ретінде алу т.с.с. өлшем бірлігі санмен белгіленеді. Көлемді өлшеудің міндеті көптеген заттардың сандық мөлшерін анықтау. Балабақша бағдарламасында мектеп жасына дейінгі балалардың заттардың көлемі, оны өлшеу тәсілдері жөнінде білім беру қарастырылады. Осы тақырыпты меңгерту барысында «көлем» сөзі 2 ұғымды білдіреді. Олар математикалық көлем, заттардың кеңістіктегі белгісі заттардың көлемін толық және дұрыс бағалауда оның жеке белгілерінің де алатын орны зор. Заттардың көлемі туралы түсінік қалыптастырудың жөнін анықтау мектеп жасына дейінгі балалардың көлем туралы түсінігін дамыту балабақшаның тәрбиелеу, білім беру міндеттерінің бірі болып саналады. Мектепке дейінгі мекеменің басты мақсаты баланы мектепке дайындау болса, оның негізгі бір саласы қарапайым математика түсініктерін қалыптастыру болып табылады.

Заттардың көлемі, өлшемі оның қасиеттері болса тұрып, алуан түрлі анализаторлар: көру, сипай сезу, бұлшық ет арқылы қабылданады.

Мектеп жасына дейінгі 3-7 жас аралығындағы балалар өздеріне таныс көптеген нәрселердің өлшемдерін айыра алады. 3-4 жастағы бала үлкен допты не ұзын таяқты алып кел дегенді дұрыс түсініп, тапсырманы орындайды.

Нәрсе өлшемін қабылдауда заттың қандай да болмасын бір белгісін білдіретін, заттың қасиетін сипаттайтын сөздің ролі зор. Мысалы: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, бірдей.

Көптеген заттар үш өлшеммен сипатталады (ұзындығы, ені, биіктігі).

Үш жастағы бала үш өлшемді бірдей қабылдай алмайды. Олар әуелі ең үлкенін көреді «ұзын», «биік» деген сөздерді үш жасар балалар «үлкен» сөзінің синонимі ретінде қабылдайды.

Төрт жастағы бала, егер нәрсенің ұзындығы, оның енінен артық болса, артықтау жағы бойынша анықтауға бейім.

Өлшемді қабылдау механизмі ересек адам мен балада бірдей-ақ. Алайда балада бұл механизм әлі қалыптаспаған.

5-6 жастағы бала заттың ұзындығын, енін және биіктігін білу үшін оны өлшеу қажетін түсінеді. Өлшеу үшін сызғыш, метр, сантиметр қолданылады.

Көлемді балалар ең алдымен заттың кеңістік белгісі ретінде қарастырады. Көлемі әртүрлі заттарды салыстыра отырып, олар «бірдей-бірдей емес» деген қатынастарды анықтайды. Салыстыру нәтижелері мынадай сын есім сөздері арқылы анықталады: ұзынырақ, қысқарақ, бірдей (ұзындық), кеңірек, тор, бірдей (ені), (биік, аласа (ұзындық) «үлкен кіші» (көлемі бойынша). Осылайша, бастапқыда заттар жұптап қарастырылады.

Кейін 5-6 затты қатар қойып салыстыра бастайды. Енді «ең ұзын», «ең жіңішке», «ең тар» деген белгі атауларды қолдана бастайды.

Сонымен кіші және орта топтарда балалар заттардың көлемін тікелей салыстыру арқылы ғана анықтайды. Біртіндеп заттардың қасиеті туралы білім мазмұны күрделеніп, кеңейе түседі.

Балалардың көлем туралы ұғымдарын қалыптастыруда арнайы дидактикалық материалдар да қолданылады. Көлем туралы ұғымдарын дамытуда халық арасында тараған дидактикалық ойыншықтарды (қуыршақтар, табақшалар, жұмыртқалар, пирамидалар) цилиндрлері бар белдеушелер, геометриялық қыстырмалар, ұзын әрі енді баспалдақ т.б.

Заттың өлшемін оқып үйренгенде халық дидактикалық ойыншықтары кең түрде қолданылуы тиіс. Ол балаларды көп-аз, үлкен-кіші деген ұғымдармен ғана таныстырып қоймай, ұзындықтың басқа да параметрлерімен танысуға мүмкіндік туғызады: жоғары-төмен, биік-аласа, (қуыршақтар), жуан-жіңішке, (бөшкелер), терең-тайыз (ыдыстар).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет