Оқулық, оқу-әдістемелік құралдар Студенттерді ойландыратын сұрақтар


Дәріс 8 Есептеу және есеп туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі



бет9/19
Дата10.03.2022
өлшемі61,95 Kb.
#27384
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Дәріс 8 Есептеу және есеп туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі

Мақсаты: Студенттерді қарапайым арифметикалық амалдарды шешуге үретудің маңызы мен таныстыру. Балалардың ақыл-ой дамуына арифметикалық амалдар үйретудің ықпалын ұғындыру.

Дәріске керекті құралдар: Оқулықтар. Көрнекіліктер. Оқу - әдістемілік құралдары.

Студенттерді ойландыратын сұрақтар:

Қарапайым арифметикалық амалдарға не жатады. Амалдар үйретудің маңызы және міндеттері. Қандай әдістер қолданылады?



Дәрістің жоспары:

1. Қандай арифметикалық амал түрлерін білесіңдер?

2. «Теңдік», «Теңсіздік» ұғымдары

3. Амалдарды жаза білуге үйрету әдістері және маңызы

4. Заттарды санына қарай салыстыруға үйрету жолдары.

Дәріс барысы:

Балаларды мектепке даярлауда алғашқы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың балабақшада өзіндік ерекшелігі бар. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың мазмұны бағдарлама мазмұнында қарастырылған. Балабақшада берілетін қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бағдарламасы – бұл баланы алғашқы математикадан мектепке даярлау бағдарламасы болып табылады.

1703 ж. тұңғыш орыс «Арифметикасы» басылып шықты. Оның авторы Леонтий Филиппович Магницкий (1669-1739) болатын. Магницкий «Арифметикаға» мынадай анықтама берді. «Арифметика немесе санау дегеніміз таза, тәуелсіз және бәріне ұғынуға жеңіл көркемдік өнер», - деді.

Балалар біршама еркін санауға үйренгенде және санның мәнін жиын қуаттылығының көрсеткіші ретінде ұғынғанда оларды санның шартты таңбалары ретінде цифрлармен таныстыруға болады. Тәжірибеде анықталғандай 5 жастағы балалардың дені цифрлармен жақсы бағдар жасай алады. Цифрдың суретін есіне сақтағанда олар цифрдың санның шартты таңбасы басқа таңбаларға: + (қосу), - (азайту), = (тең), > (артық), < (кем) т.б. ұқсас таңба екенін әлі де болса түсінбейді. Сондықтан цифрлармен, басқа символдың таңбалармен қатар даярлық топты ғана таныстырған дұрыс. Қарапайым символдық таңбалармен таныстыру балалардың ақыл-ойының дамуын жаңа, одан да жоғары дәрежеге көтереді.

Бір жарым жастан бастап балалардың өсіп-жетілуін бақылап зерттеу олардың жиын туралы бастапқы түсініктері алғаш сөйлей бастаған сәби кезінен қалыптаса бастайтынын көрсетті.

Жиын туралы ұғым барлық математикалық ұғымдардың негізі болып табылады.

Үш жастағы балаларды жиындарды көре білуге, олардың элементтерін бір-бірімен салыстыра білуге үйрету болашақтағы санау операциясының алғашқы негізін қалау болып табылады.

Балалардың санау әрекетін зерттеу, оларды күнделікті өмірде, ойын процесінде ғана яғни жүйесіз үйретуге болмайтынына көз жеткізді.


Дәріс 9



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет