Оқулық, оқу-әдістемелік құралдар Студенттерді ойландыратын сұрақтар


Дәріс 7 Сандық ұғымдарды қалыптастыру және санауға үйрету



бет8/19
Дата10.03.2022
өлшемі61,95 Kb.
#27384
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
Дәріс қысқаша мазмұны

Дәріс 7 Сандық ұғымдарды қалыптастыру және санауға үйрету

Мақсаты: Студенттерге баланың санды қабылдау ерекшеліктері туралы ұғым беру. Сан туралы ұғымдарын қалыптастыруға бағытталған шаралармен таныстыру. Сан ұғымдарын қалыптастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдермен таныстыру.

Дәріске керекті құралдар: оқулықтар, оқу - әдістемелік құралдар, дидактикалық жаттығулар.

Студентерді ойландыратын сұрақтар:

Сан туралы ұғымдарын қалыптастырудың қандай маңызы бар? Балалардың санды үйренуі үшін қандай әдістер қолданылады? Дидактикалық құралдар не үшін керек?



Дәріс жоспары:

1. Балалардың сан туралы ұғымын қалыптастырудың маңызы және міндеттері.

2. Сан ұғымдарын қалыптастырудың жолдары мен мазмұны.

3. Бағдарламалық талаптар.

4. Балаларда сан ұғымын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері.

Дәріс барысы:

Мамандардың психологиялық және педагогикалық зерттеулері мен балаларды үйде, балабақшада және мектепте бақылаулары мектеп жасына дейінгі балаларда және төменгі сынып оқушыларында сан туралы түсінік заттарды қолдану барысында қалыптасады деп көрсетті: Мысалы, таяқшалар жиынтығы, геометриялық пішіндер (дөңгелектер, шаршылар, төртбұрыштар), тұрмыстық заттар (2 орындық), ойыншықтар (үш қуыршақ), тағамдар (2 сәбіз). Мектеп жасына дейін-ақ балаларда сан және сандардың қатысы туралы түсінік сөздің көмегімен, айналадағы ересектердің іс-әрекетінің көмегімен қалыптасады.

Бала көлемі пішіні, түсі, саны жағынан әртүрлі заттардың қоршауында өседі. Үлкендердің көмегімен балалар осы заттарды атауды, бір-бірінен айыруды, оларды қолдануды үйренеді. Бала өскен сайын қоршаған ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі, жаңа түсініктер пайда болады.

Кішкене күнінен балаларда сан туралы алғашқы қарапайым түсінік қалыптасады. Ересектер балаларды заттарды қолдануға көмектеседі, сөздік қорын көбейтеді. А.М.Леушинаның зерттеулері балаларды алдымен санауға емес, салыстыруға, содан соң барып сан есімдерді қолданып санауға үйрету керек екенін көрсетті. Ол балалардың заттарды әртүрлі қолдану қабілетін, заттарды салыстырып, әртүрлі сөздермен атау қабілетін жоғары бағалады.

Санауды ерте үйренген балада сан туралы түсінік пайда болады. Баланы қоршаған ортада көптеген заттар бар. Оларды санауға болады, кейбіреулері өлшенеді. Осыған байланысты 2 ұғым қалыптасқан: «сан» және «көлем».

Мектептегі математика пәнінде сан туралы екі түсінік бар: «сандық» және «реттік».

Санау ұғымы адамның ойлау қабілетінің бірден бір жемісі.

Сан туралы ұғым, санау балаларда көрнекіліктердің көмегімен, күнделікті заттарды қолдану барысында қалыптасады.

Бала ойын кезінде және басқа да іс-әрекет үстінде нақты заттардың санымен жолығады, көп заттың ішінен өзіне керектісін бөліп алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет