Оқулық, оқу-әдістемелік құралдар Студенттерді ойландыратын сұрақтар


Дәріс 6 Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мен альтернативті «Балбөбек» бағдарламасының мақсаты, негізгі ұстанымдары



бет7/19
Дата10.03.2022
өлшемі61,95 Kb.
#27384
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
Дәріс қысқаша мазмұны

Дәріс 6 Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мен альтернативті «Балбөбек» бағдарламасының мақсаты, негізгі ұстанымдары

Балабақшада және мектепте тәрбиелеу, білім беру бағдарламасы.

«Балбөбек» бағдарламасының мақсаты, негізгі ұстанымдары.

Мақсаты: «Балбөбек» және мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеудің үлгілілік бағдарламасының негізгі міндеттері мен мақсаттары туралы ұғымдарын қалыптастыру. «Ойна да ойлан» бөлімінің маңызын түсіндіру.

Дәріске керекті құралдар: «Балбөбек» бағдарламасының «Ойна да ойлан» бөлімі мен мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеудің үлгілілік бағдарламасының таным білім беру саласының негізі міндеттер.

Студенттерді ойландыратын сұрақтар.

«Балбөбек» бағдарламасы қашан қабылданды? Неліктен төл бағдарлама деп аталады?

«Балбөбек» бағдарламасының басты мақсаты қандай?

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеудің үлгілілік бағдарламасының мазмұны



Дәріс жоспары:

1. «Балбөбек» бағдарламасының басты мақсаты мен ұстанымдары.

2. «Ойна да ойлан» бөлімінің ерекшеліктері.

3. Халық педагогикасымен сабақтастығы.



Дәріс барысы:

Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру ­ - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды.

Осы орайда, еркін елдің ертеңін баянды ету бағытында жүзеге асырылып жатқан саяси әлеуметтік жағдайларды ескере отырып дайындалған білім, ғылым саласындағы ресми құжаттар тәжірибеде қолданылуда.

Қазақстан Республикасының Ата Заңының қағидалары, «Білім турал» Заңы (23.06.2007.), «Мемлекеттің білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасы», «Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы (1991ж) «Үзіліссіз тәрбиенің тұжырымдамасы» (1995ж) т.б. құжаттар негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге арналған төл туынды «Балбөбек» бағдарламасы дайындалып 1991-95 жылдар аралығында байқаудан өткізіліп, 1996 жылғы 22-қарашадағы Білім министрлігінің №11, 1/1 алқа шешімі бойынша бекітіліп, жаппай тәжірибеге енгізу ұсынылды.

Бұл бағдарламаны жасауда авторлар қазақ зиялылары А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың болашақ ұрпақты тәрбиелеу, оқыту жұмыстарын бір-бірімен сабақтас жүргізуді қуаттайтын мұраттарына сүйенеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет