3.3. Хром-кобальт қүймасы Стоматология тәжірибесінде хром-кобальт қүймасын 1933 жылы Erde мен Prange Vitallium деген атпенен енгізгені белгілі. Хром-кобальт қүймасы салмағы жағынан 85%-ке дейін кобальт, хром және никельден түрады. Кұрамындағы бүл металдар қүйманы ауыз қуысында коррозиядан сақтайды. Хром-кобальт құймасының қасиетін молибден, никель, темір,кремний,ваннадий, магний, мыс, берилий қосып жақсартуға болады. Қүйманың түрақтылығы оның құрамындағы хромның коптігіне байланысты, ол металл бетінде әрекетке түспейтін қабат түзеді. Кобальт қүймаға жоғары температурада қаттылық береді.Металл қүрылысының үсақ кристалды болуы және байланыстарынық бекемділігі оның құрамына кіретін молибденге байланысты.Құймада көміртегі мөлшері өте аз. Металдың қасиетін сақтау үшін көміртегінің бір түрақты саны қажет.Карбид түзгіш зат ретінде вольфрам қосады. Мырыш, кремний және темір қоспаның қүйылғыштығын арттырады.
Хром-кобальт қүймаларын балқу температурасына байланысты екі түрге белу қалыптасқан: 1) балқу температурасы 1316°С дейінгі қүйма 2) балқу температурасы 1316°С жоғары құйма.
Екінші топтың қүймалары үшін қалыптық материалдарға гипс қосуға болмайды. Төмендегі таблицада (таб.З) кейбір хром-кобальт құймаларынын, құрамдары көрсетілген.
Хром-кобальт қүймаларының қазіргі кезде стоматологияда кеңінен қолданылуы оның физикалық және механикалық қасиеттерінің артықшылығына, меншікті салмағының жеңілдігіне және сұйық күйіндегі тез ағатындығына байланысты. Онын, бұл қасиеттері небір өрнекті тіс протездерін қүюға мүмкіндік береді.
Хром-кобальт құймаларының сүйек тканьдеріне енгізіп, тіс протездеріне тірек ретінде де қолданады, себсбі онын, коррозияға деген түрақтылығы жоғары жоне цитотоксикалық қасиеттері жоқ. Хром-кобальт қүймаларының көлемі қүйғаннан кейін 1,8 - 2% кішірейеді. Алынған заттың құрылысы ұсақ түйіршекті болу үшін балқу температурасына жақын температурада қүю керек. Егер құйманы көп қыздырып жіберсе ірі түйіршікті құрылыс түзіп, механикалық қасиеті темендейді.