Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Жұмыстың нәтижелерін ресімдеу



Pdf көрінісі
бет105/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   120
Жұмыстың нәтижелерін ресімдеу 
1. Сабақта белгіленген өсімдіктердің гүл құрылымының суретін 
салыңыз. 
2. Сабақта белгіленген өсімдіктердің тектері мен түрлерінің 
диагностикалық белгілерін тұжырымдаңыз. 
Бақылау сұрақтар 
1. Ерінгүлділер тұқымдасының қандай тегінің өкілдерінде тек қана 
гүлдің төменгі еріні дамыған? 
2. Қандай ерінгүлділер үшін тек қана екі аталықтың болуы тән? 
3. Дала жалбызында (Mentha arvensis) қанша гүл тәжісінің 
қалақшалары бар? 
4. Тауқалақайды (Lamium) ерінгүлден (Galeopsis) қалай айыруға 
болады? 
5. Дәрі жөтелшәй (Be- tonica officinalis) үшін қандай жапырақтың 
шеті тән?
6. Қандай сабынкөктер өкілдерінің гүлдері үшін гүлтепкінің бар 
болуы тән? 
7. Гүлдерінде екі аталығы бар сабынкөктер тұқымдасы тектерінің 
мысалдарын келтіріңіз.
№ 9 зертханалық-практикалық жұмыс
КҮРДЕЛІГҮЛДІЛЕР (COMPOSITAE, НЕМЕСЕ 
ASTERACEAE), ШАТЫРШАГҮЛДЕР 
(UMBELLIFERAE, НЕМЕСЕ APIACEAE)
ТҰҚЫМДАСТАРЫНЫҢ ӨСІМДІ ТҮРЛЕРІН 
АНЫҚТАУ
Жұмыстың мақсаты: Күрделігүлділер және Шатыршагүлдер 
тұқымдастарының өсімдік тектері мен түрлерін анықтауды үйрену. 


182 
Материалдар және жабдықтар: стереоскоптық микроскоптар 
(бинокулярлар), іреуіш инелер, төсеніш шынылар, кішкентай 
қысқыштар, өсімдіктерді айырғыштар. 
Өсімдік объектілері: Күрделігүлділер және Шатыршагүлдер 
тұқымдастары 
гүлдерінің 
фиксациялық 
спирттік 
материалы, 
тұқымдастар өкілдерінің кептірілген үлгілері.
Жұмысты орындау тәртібі 
1. Күрделігүлділер тұқымдасы өкілінің кептірілген үлгісі бойынша 
өсімдіктің сыртқы түрін зерттеңіз: жапырақтардың пішінін, олардың 
сабаққа бекітілу тәсілдерін, мамықтанудың болуын зерттеңіз. 
Өсімдіктің біржылдық немес көпжылдық екенін анықтаңыз.
2. Анықталатын өсімдіктің себетінде ұсынылған гүлдердің алуан 
түрлерін препараттаңыз. Гүл тәжінің пішінін анықтаңыз: түтікті, 
тілшікті (түтіктен шығатын бес кішкене тістері бар тілшік түрінде), 
жалған тілшікті (екі-үш кішкене тістері бар тілшік түрінде) немесе 
шұңғыма тәрізді. Гүлшоғырда қос жынысты, бір жынысты немесе 
ұрықсыз гүлдерді анықтаңыз. Анықталатын өсімдіктің тұқымшасын 
зерттеңіз. Тұқымшаның бақбақта (Taraxacum) сияқты жай немесе 
желкекте (Tragopogon) сияқты түкті түкшелерден тұратын түтікті 
айдаршамен немесе итошағанда (Bidens) сияқты төмен қарай 
бағытталған кертіктермен жабылған екі-үш қылтанмен қамтылғанын 
анықтаңыз. 
Күнбағарда 
(Helianthus) 
түкті 
айдарша 
жарғақ 
қабыршақтармен келтірілді. 
3. Өсімдік айырғышты қолданып, Күрделігүлділер тұқымдасының 
өсімдік тектері мен түрлерін анықтаңыз.
4. Шатыршагүлдер тұқымдасы өкілінің кептірілген үлгісі бойынша 
анықталатын өсімдіктің сыртқы түрін зерттеңіз: жапырақтардың 
пішінің, олардың тілімделі деңгейін көрсетіңіз. 
5. Гүлшоғырдың түрін анықтаңыз: жай шатыргүл, күрделі 
шатыргүл, шоғырбас. Күрделі шатыргүл орамасының және жай 
шатыргүл (шатыршагүл) орамшасының бар-жоқтығын белгілеңіз. Гүл 
жапырақшаларының және ілмешектердің пішінін анықтаңыз. 
6. Бинокулярмен гүлдің құрылымын қараңыз. Оның бөліктерінің 
суретін салыңыз.
7. Жемістің құрылымын зерттеңіз. Түйіннің басында орналасқан екі 
балшырын дискілеренің пішінін көрсетіңіз. 
8. Өсімдік айырғышты қолданып, Шатыршагүлдер тұқымдасының 
өсімдік тектері мен түрлерін анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет