183
2. Анықталатын өсімдіктің себетінде ұсынылған гүл тәжі түрлерінің
суретін салыңыз.
3. Анықталатын өсімдіктің паппусы бар тұқымшасының суретін
салыңыз.
4. Шатыршагүлдер
тұқымдасының
сабақта
белгіленген
өсімдіктерінің тектері мен түрлерінің диагностикалық белгілерін
тұжырымдаңыз.
5. Ірі жоспармен қостұқымша
жемісі құрылымының суретін
салыңыз. Суретте мерикарпийді, балшырын дискілерді,
аналық
аузының бұтақтарын көрсетіңіз.
Бақылау сұрақтар
1. Тілшікті гүлдің жалған тілшікті гүлден айырмашылығы неде?
2. Итошаған тұқымшасындағы паппус қандай функцияны
орындайды?
3. Күрделігүлділер мен шатыршагүлдерде орама деп нені атайды?
4. Шатыршагүлдер тұқымдасының диагностикалық белгілерін атап
шығыңыз.
5.
Шоқпарбас
гүлшоғыры бар Шатыршагүлдер тұқымдасы
өсімдіктерінің мысалдарын келтіріңіз.
6. Неге Шатыршагүлдер тұқымдасының өкілдерінде дәмтатымдық
өсімдіктер көп?
№10 зертханалық-практикалық
жұмыс
ЛАЛАГҮЛДІЛЕР (LILIACEAEJ),
ҚҰРТҚАШАШТАР
(IRIDACEAE),
ОРХИДЕЯ
(ORHIDACEAE)
ТҰҚЫМДАСТАРЫНЫҢ
ӨСІМДІК ТҮРЛЕРІН АНЫҚТАУ
Жұмыстың мақсаты: Лалагүлділер, Құртқашаштар және Орхидея
тұқымдастарының өсімдік тектері мен түрлерін анықтауды үйрену.
Материалдар және жабдықтар: стереоскоптық микроскоптар
(бинокулярлар),
іреуіш инелер, төсеніш шынылар, кішкентай
қысқыштар, өсімдіктерді айырғыштар.
Өсімдік объектілері: Лалагүлділер, Құртқашаштар және Орхидея
тұқымдасының өкілдері гүлдерінің фиксациялық спирттік материалы,
өсімдіктің кептірілген үлгісі.
Достарыңызбен бөлісу: