Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Материалдар және жабдықтар



Pdf көрінісі
бет102/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   120
Материалдар және жабдықтар: стереоскоптық микроскоптар 
(бинокулярлар), іреуіш инелер, төсеніш шынылар, кішкентай 
қысқыштар, өсімдіктерді айырғыштар. 
Өсімдік объектілері: Сарғалдақ және Бұршақ тұқымдастары 
гүлдерінің фиксациялық спирттік материалы, тұқымдастар өкілдерінің 
кептірілген үлгілері. 
Жұмысты орындау тәртібі 
1. Анықтауды бүтін өсімдікті егжей-тегжейлі зерттеуден бастаңыз: 
оның құрлықтағы немесе судағы, шөптесін немесе ағаш, біржылдық 
немесе көпжылдық өсімдік екенін анықтаңыз. Жапырақтың 
орналасуын, жапырақтардың пішінін, жапырақтың сағақсыз немесе 
сағақты екенін, жапырақ алақанының кесілу деңгейін, жапырақтағы 
мамықтанудың сипатын анықтаңыз. 
2. Іреуіш иненің және үлкейткіш әйнектің немесе бинокулярдың 
көмегімен гүлдің құрылымын зерттеңіз: қос немесе жай гүлсерік, қанша 
жапырақ бөліктері және гүл күлтелері, олардың тұтасып өсу деңгейі, 
аталықтардың, аналықтардың саны, үстіңгі немесе астыңғы түйін. 
3. Жемістің түрін анықтаңыз. 


178 
4. Айырғыш бойынша Сарғалдақ және Бұршақ тұқымдастары 
өкілдерінің тектері мен түрлерін анықтаңыз. Алдын ала айырғышты
шартты белгілерді пайдаланудың ережелерімен танысыңыз. Өсімдіктер 
дәйекті түрде анықталады: алдымен ірі таксондарды: бөлімін, классын, 
тұқымдасын, тегін, кейін түрін анықтайды. 
Жұмыстың нәтижелерін ресімдеу 
1. Сарғалдақ 
және бұршақ тұқымдастары өкілдерінің гүл 
құрылымының суретін салыңыз, гүл бөліктерінің атауын жазыңыз.
2. Схема арқылы сабақта белгіленген екі өсімдік өкілдерінің сыртқы 
түрінің суретін салыңыз. 
3. Сабақта 
белгіленген өсімдіктердің тегі мен түрлерінің 
диагностикалық белгілерін тұжырымдаңыз. 
Бақылау сұрақтар 
1. Тегеурінгүл (Delphinium) тегінің және Бәрпі (Aconitum) тегінің 
диагностикалық белгілерін атаңыз. 
2. Жатаған сарғалдақты (Ranunculus repens) тектің басқа түрлерінен 
қалай айыруға болады? 
3. Көпгүлді сарғалдақ (Ranunculus polyanthemos) және Күйдіргі 
сарғалдақ (Ranunculus acris) түрлерінің диагностикалық белгілерін атап 
шығыңыз. 
4. Маралоты (Thalictrum) тегін сипаттаңыз. 
5. Қандай жағдайларда гүл композициясын безендіруге Сарғалдақ 
(Ranunculus) тегінің және Бәрпі (Aconitum) тегінің өкілдерін қолданбау 
жөн? 
6. Сарғалдақ тегінің қандай түрлерінде тұтас жапырақтар кездеседі? 
№7 зертханалық-практикалық жұмыс
КІРЕСГҮЛДІЛЕР (CRUCIFERAE, НЕМЕСЕ 
BRASSICACEAE), ҚАЛАМПЫРЛАР 
(CARYOPHYLLACEAE)ТҰҚЫМДАСТАРЫНЫ
Ң ӨСІМДІК ТҮРЛЕРІН АНЫҚТАУ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет