Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Жұмыстың нәтижелерін ресімдеу



Pdf көрінісі
бет104/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   120
Жұмыстың нәтижелерін ресімдеу 
1. Сабақта белгіленген өсімдіктердің диагностикалық белгілерін 
тұжырымдаңыз. 
2. Зерттелген екі тұқымдас өкілдің сыртқы түрінің және гүл 
құрылымының суретін салыңыз. 
Бақылау сұрақтар 
 
1. Қыша (Sinapis) тегінің өкілін Шомыр (Raphanus) тегінің өкілінен 
қалай айыруға болады? 


180 
2. 
Түңгі қожағай ымыртгүлінің (Hesperis matronalis) диагностикалық белгілерін 
атаңыз. 
3. 
Арамшытырдың (Lepidium) қанатжемістен (Thlaspi) айырмашылығы неде? 
4. 
Жабысқақ желімбас (Silene viscosa) және көкек жанаргүлі (Coronaria flos- 
cuculi) түрлерінің арасындағы түбегейлі айырмашылықты көрсетіңіз. 
5. 
Мұйізшөп (Cerastium) тегінің өкілдерін жұлдызшөп (Stellaria) тегінің 
өкілдерінен қалай айыруға болады? 
6. 
Қызыл іргешөп (Spergularia rubra) пен ебеқаңбақтың (Gypsophila muralis) 
айырмашылығы неде? 
№ 8 зертханалық жұмыс 
ЕРІНГҮЛДІЛЕР (LABIATAE, НЕМЕСЕ 
LAMIACEAE), САБЫНКӨКТЕР 
(CARYOPHYLLACEAE)
ТҰҚЫМДАСТАРЫНЫҢ ӨСІМДІК ТҮРЛЕРІН 
АНЫҚТАУ
Жұмыстың 
мақсаты
Ерінгүлділер 
және 
Сабынкөктер 
тұқымдастарының өсімдік тектері мен түрлерін анықтауды үйрену. 
Материалдар және жабдықтар: стереоскоптық микроскоптар 
(бинокулярлар), іреуіш инелер, төсеніш шынылар, кішкентай 
қысқыштар, өсімдіктерді айырғыштар. 
Өсімдік 
объектілері
Ерінгүлділер 
және 
Сабынкөктер 
тұқымдастары 
гүлдерінің 
фиксациялық 
спирттік 
материалы, 
тұқымдастар өкілдерінің кептірілген үлгілері.
Жұмысты орындау тәртібі 
1. Ерінгүлділер тұқымдасы өкілінің кептірілген үлгісі бойынша 
анықталып жатқан өсімдіктің сыртқы түрін зерттеңіз: жапырақтардың 
пішінін анықтаңыз, бинокулярмен жапырақтың шетін, темірлі 
мамықтанудың бар болуын қараңыз.
2. Анықталатын өсімдіктің гүлін препараттаңыз, оның қимадағы 
суретін салыңыз. Төменгі еріннің түзілуіне қанша гүл күлтелері 
қатысатынын, жоғарғы еріннің айқындығын көрсетіңіз. Гүлдің тәжісі 
ішінде түктерден түзілген сақина бар ма екен, төменгі ерінде бездер 
немесе дөңестіктер бар ма екен, төменгі еріндегі бүйір бөліктері 
тікеншелерге өзгерді ме? Зигоморфтық немесе актиноморфтық дерлік 
гүлді белгілеңіз. 
3. Анықталатын өсімдіктің жемісін зерттеңіз, альбомға оның 
құрылымының суретін салыңыз. 
4. Өсімдік айырғышты қолданып, Ерінгүлділер тұқымдасының 
өсімдік тектері мен түрлерін анықтаңыз.


181 
5. Сабынкөктер тұқымдасы өкілінің кептірілген үлгісі бойынша 
анықталып жатқан өсімдіктің сыртқы түрін зерттеңіз. Көлденең қимада 
сабықтың пішініне, сабақтағы мамықтанудың сипатына және бағытына 
назар аударыңыз. 
6. Бинокулярмен гүлдің құрылымын қараңыз. Төменгі ерінде 
гүлтептіктердің немесе дөңестіктердің бар болуын көрсетіңіз, гүл тәжі 
бөліктерінің санын, аталықтардың санын (Бөденешөп тегі үшін екі 
аталық тән, 5.7-сур. қар.) анықтаңыз. Жемісті қарап шығыңыз, 
мамықтану сипатын анықтаңыз. 
7. Өсімдік айырғышты қолданып, Сабынкөктер тұқымдасының 
өсімдік тектері мен түрлерін анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет