167
2-сур. Плазмолиздің түрлері:
1 — бұрыштық;
2 — ойыс;
3 — дөңес
ерітінді — жартылай өткізетін аралық — еріткіш
осмостық жүйесінде
ғана айқындалатынын есте сақтау қажет.
Стақанға құйылатын ерітінді осмостық қысымды көрсетпейді.
Осмостық жүйеде жоғары осмостық қысымы бар ерітіндіні
гипертониялық, төмен осмостық қысыммен –
гипотониялық ерітінділер
деп атайды. Бірдей осмостық қысымы бар ерітінділерді
изотониялық
ерітінділер деп атайды. Жасуша гипотониялық ерітіндіге батқан кезде
жасушаға су сіңеді, жасуша гипертониялық ерітіндіге батқан кезде су
жасушадан шығады – бұл көбінесе жасуша сөлінің әлсіз байланысқан
суы. Судың жоғалуы нәтижесінде вакуольдың көлемі кемиді және
өзімен бірге цитоплазманы тартады, ал жасуша қабығы орнында қалады.
Жасушаның гипертониялық ерітіндіге батуы кезінде судың жоғалуы
нәтижесінде протопласттың жасуша қабырғасынан артта қалу процесі
плазмолизм деп аталады (7-сур. қар. түс. қос.).
Бұл ретте цитоплазма мен жасуша қабырғасының арасында алдымен
сыртқы ерітіндімен толтырылатын шағын кеңістік пайда болады, ал
кейін протопласт бірнеше жерде жасуша қабырғасынан дараланады
(бұрыштық плазмолиз, 2-сур.).
Келесі кезеңде протопласттың жасуша қабырғасымен жанасу ауданы
қысқарады және протопласт ойыс пішінді қабылдайды –
ойыс
плазмолиз. Протопласт жасуша қабырғасын тиюді қойғаннан кейін ол
домалық-сопақ пішінді қабылдайды –
дөңес плазмолиз. Осы жасуша таза
тұщы суға (гипотониялық ерітіндіге) батқан кезде су жасушаға келіп,
деплазмолиз атты кері процесті бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: