Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Жұмысқа арналған түсіндірме



Pdf көрінісі
бет97/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   120
Байланысты:
0bb643b3eadc5d8ca84637975cb483a4

Жұмысқа арналған түсіндірме 
Өркендер, жапырақтар, бұршақтар түрін өзгерте алады немесе 
метаморфталады. Түрі өзгерген өркендерде қор заттар сабақтарда және 
жапырақтарда жинала алады. Өсімдіктердің вегетативтік көбеюі 
метаморфтанған өркендердің (тамыр сабақтың, түйнектің, бадананың, 
түйнекбадананың, 
өзгерген 
өркеннің, 
кладодийлердің, 
филлокладодийлердің, 4-сур.) есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. 
Тамыр сабақ — қабыршақ тәрізді жапырақтары, бұршақтары және 
қосалқы тамырлары бар өркен. Тамыр сабақтар жерасты (қырлышөп, 
бидайық) және жерүсті (құсықшөп, балшатыр) болады. 
Түйнек тамыр сабаққа және өзгерген өркенге қарағанда, қысқа және 
жуан болып келеді. Ондағы қор заттар сабақтың ұлпасында тоқтайды. 
Түйнектер тамыр сабақтарда, өзгерген өркендерде, басты өркенде және 
өсімдіктердің басқа да бөліктерінде пайда болуы мүмкін. Өзгерген 
өркендер жерасты және жерүсті болуы мүмкін. Картопта түйнектер 
жерасты өзгерген өркендерде – қолтықбүршіктерден өрбейтін 
қабыршақ тәрізді жапырақтары бар ақшылдау өркендерде пайда болады. 
Өзгерген өркеннің төбебүршігі өстік бөліктің есебінен кейін 
перидермамен жабылатын түйнекке өседі. Түйнекте кезек-кезек оңаша 
немесе шағын тереңдікте орналасқан жиі топқа жиналған 
қолтықбүршіктер («көздер») орналасады. Әрбір «көздің» бір жағында 
жапырақтардан болатын тыртық немесе «қастар» айқын көрінеді. 
Топинамбурдың немесе жер алмұрттың түйнектері де өзгерген 
өркендерде қалыптасады. Теңбілгүл бөлме өсімдігінде түйнектің 
қалыптасуына тамыр мойны қатысады. Мұндай тамыр мойынды 
түйнектер тамыр сабақтың және өзгерген өркендердің түйнектеріне 
қарағанда, көпжылдық болып келеді.
Кейбір эпифиттік орхидеяларда түйнектер бүтін өркеннен немесе 
өркеннің бірнеше астыңғы буынаралықтарынан қалыптасады. Олар шар 
тәрізді немесе цилиндр пішінді болып келеді. Оларды туберидиялар деп 
атайды, олар сырттай баданаға ұқсайды. Туберидиялар жасыл және 
фотосинтезге қатысады. 
Бадана, тамыр сабақ сияқты құнарлы заттарды сақтау, қолайсыз 
жағдайларды көшіру, өсімдіктердің вегетативтік қайта жаңаруы мен 
көбеюі функцияларын атқаратын, арнаулы, түрі өзгерген, қысқа өркен 
болып келеді. 


171 


8
4-сур. Өркендердің және жапырақтардың метаморфоздары (А. С. Родионова 
және т.б., 2010): 
1 — кірпікшөптегі филлокладийлер (Ruscus); 2 — доланадағы тікенектер 
(Crataegus); 3 — бөріқараттағы тікенектер (Berber's); 4 — қырлышөптегі тамыр сабақ 
(Polygonatum); 5 — картоптағы түйнектер (Solanum); 6,7 — лалагүлдің қабыршақты 
баданасы (Lilium); 8 — жәндікқоректі өсімдік шықшөп (Drozera) (a — безді 
түкшелері бар жапырақтар). 
Баданалар Лалагүл (Liliaceae), Амариллистер (Amaryllidaceae) 
тұқымдастарының өкілдерінде дамиды.


172 
«Түбіртек» деп аталатын бадананың қысқа сабағы қабыршақтар 
түріндегі жапырақтарды және астыңғы бөлікте қосалқы тамырларды 
апарады. Құнарлы заттар етті қабыршақтарда – түрі өзгерген 
жапырақтарда жиналады. 
Баданалардың екі негізгі түрі бар – жарғақты және қабыршақты 
(жабынқыштық). Жарғақты баданаларда әрбір сыртқы қабыршақ өзінің 
шеттерімен бірге өсіп, ішкі қабыршақты қамтиды (түйінді пияздың 
баданасы); 
қабыршақты 
(жабынқыштық) 
баданаларда 
тар 
қабыршақтар шеттерімен тек қана жанасады немесе бір-бірін сәл ғана 
жауып тұрады (лалагүлдің баданасы). Сонымен қатар, екі түрдің де 
белгілері үйлесетін баданалардың аралық түрлері де кездеседі. 
Алдында қарастырылған жерасты баданалардан басқа, жерүсті 
баданалар бар, олар ұсақтау және баданшалар деп аталады. Баданшалар 
өркеннің қолтықбүршіктерінен түзіледі, жерге түсіп, тамыр жаяды. 
Түйнекбадана — жайылып өскен жуан сабағы және өткен жылғы 
жапырақтардың (қамысгүл, әлекшөп) құрғақ қабыршақ тәрізді жарғақ 
негіздемелері бар жерасты түрі өзгерген қысқа өркен. Түйнекбадананың 
қолтықбүршіктерінен «балалар» дамиды (жаңа түйнекбаданалар). 
Өзгерген өркендер — онша көрінбейтін жапырақтары бар 
ұзартылған өркендер. Өзгерген өркендер қысқа мерзімді, кейде қатты 
жуандалатын төменгі жапырақтарда жиналатын заттардың қорына 
қатысады. Өзгерген өркендердің негізгі функциясы – вегетативтік 
көбеюге қатысу. 
Кладодийлер — әдетте жалпақ фотосинтездейтін сабағы және 
түсетін жапырақтары бар түрі өзгерген өркендер. Егер кладодийлер 
сыртқы түрі бойынша жапырақтарға ұқсаса, онда оларды 
филлокладийлер деп атайды. Филлокладийлер жарғақ немесе қабыршақ 
тәрізді жапырақтардың қолтықтарында дамиды – Шпренгер қасқыржемі 
(Asparagus sprengeri), қауырсынды қасқыржем (Asparagus plumosus), 
понтий кірпішөбі (Ruscus aculeatus). Филлокладийдің астыңғы жағында 
немесе оның шеттері бойынша гүлшоғыр, ал кейін жапырақтарда 
жемістердің пайда болуы иллюзиясын жасап, жемістер дамиды. 
Түрі өзгерген қатты сүректенген қысқартылған өркендер – 
долананың (Crataegus), шомырттың (Prunus spinosa), қарамаланың 
(Gleditsia) тікенектері түрі өзгерген жапырақтар - бөріқарақаттың 
(Berberis) тікенектерімен және тікенектерге қарағанның (Caragana) мен 
бозқарағанның 
(Robinia 
pseudoacacia) 
түрі 
өзгерген 
бөбежапырақтарымен қатар қорғаныш қызметін орындайды. 
Өсімдіктердің жабысқақ қылқандарының, сол сияқты тікенектердің 
тегі өркенді болуы мүмкін – пассифлорада (Passiflora), 


173 
жүзімде 
(Vitisvinifera), 
асқабақта 
(Cucurbitapepo), 
қарбызда 
(Citrulluslanatus), қиярда (Cucumis) жапырақты болуы мүмкін — дуал 
бұршақта (Vicia sepium), шалғын чинада (Lathyrus pratensis) және 
басқаларда. Қылқандар кеңістікте тігінен бекітуге арналған.
Түрі өзгерген жапырақтар шықшөп (Drosera), шыбынжек жапырақ 
(Dionaea muscipula), непентес (Nepenthes), дүңгіршек (Utricularia) және 
т.б.сияқты 
жәндікқоректі 
өсімдіктерде 
аушы 
мүшелердің 
функцияларын орындай алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет