Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет32/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   123
Бақылау есептері:

  1. Миоплегия /паралич/ аутосомды-доминантты тұқым қуалайды. Осы ауру бойынша әкесі гетерозиготалы, шешесі – сау отбасында ауру балалардың туу мүмкіндігі қандай?

  2. Адамда фенилкетонурия /кемақыл/ рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Ата-анасы осы белгі бойынша гетерозиготалы отбасында балалары қандай болуы мүмкін?

  3. Көк көзді еркек әке-шешесі қой көзді, қой көзді қызға үйленеді.Ал қыздың әпкесінің көзі көк. Осы некеден көк көзді бала болуы мүмкін бе?

  4. Адамда Тея-Сакс идиопатиясы аутосомды-рецессивті типті тұқым қуалайды. Осы отбасында бірінші туған ұлы осы аурудан өледі. Келесі туатын баланың ауру болуының ықтималдығы қандай?

  5. Адамда синдактилия /саусақтарының бірігіп өсуі/ аутосомды-доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Әке-шешесінің біреуі осы ауру бойынша гетерозиготалы, екіншісінің саусақтары қалыпты отбасында ауру бала тууының мүмкіндігі қалай болмақ?

  6. Қызанның жемісінің дөңгелек пішіні, алмұрт тәріздесінен басым.

    1. а/ Ұрпақтарында дөңгелек және алмұрт пішінді жемістері теңдей алынған дараларының ата-анасының генотипі қандай болмақ?

    2. ә/ Фермер шаруашылығының учаскесінде будан тұқымдардан өсірілген қызан көшеттері отырғызылған. Көшеттердің 39300-і алмұрт пішінді, ал 117900 дөңгелек пішінді жеміс берген. Осылардың ішінде қанша гетерозиготалы көшеттер болғанын анықтау керек.

  7. Дрозофила денесінің сұр түсі, қарасынан басым. Денесі сұр түсті шыбын мен қара түсті шыбынды будандыстырғанда 157 сұр және 152 қара түсті ұрпақ алынған. Аталық және аналық шыбынның генотипін анықтаңдар.

  8. «Феникс» құс фермасында ақ асыл тұқымды леггорн тауығын қара қоразбен будандастырғанда бірінші ұрпақта бірнеше жүз ақ балапан алынған. Ал, екінші ұрпақта 445 ақ және 150 қара балапан болған. Кері будандастыруда /бірінші ақ ұрпақтың ақ тауығын қара қоразбен будандастырғанда/ 254 ақ және 264 қара балапандар алынған. Тауықтың түстері қалай тұқым қуалайды? Будандастыруға алынған құстардың генотипі қандай? Үшінші ұрпақтың қанша бөлігі ақ түсті гомозигота болады?

  9. Қоян жүнінің қалыпты ұзындығы қысқасына қарағанда басым. Қысқа жүнді қоян 7 көжек туады, оның төртеуі қысқа және үшеуі қалыпты жүнді әкесінің генотипі мен фенотипін анықтау керек.

  10. Құндыз терісінің қалыпты бояуы – қоңыр, ақ /альбинос/ бояуына қарағанда доминантты. Егер гомозиготалы қалыпты бояулы құндызды, альбинос құндызбен будандастырғанда қандай ұрпақ алуға болады? Оларды альбинос құндызбен будандастырғанда алынатын ұрпақтардың фенотипі мен генотипі қандай?

  11. Қаракөл қойларында жүнінің сұр түсін бақылайтын ген, қара түсін анықтайтын геннен басымдылық көрсетеді. Сұр қаракөл қойын гетерозиготалы сұр қошқармен будандастырғанда екінші ұрпақтың қозылары өле бастаған. Будандастыру үлгісін құрып өлген қозылардың генотипін анықтау қажет.

  12. Моногибридті будандастырудың екінші ұрпағында 4 организм алынған. Осылардың қаншасы доминантты, қаншасы рецессивті генді болады?

  13. Иттің жүнінің қара түсі, қоңыр түсінен басым. Қара түсті ит бірненше рет қоңыр түсті итпен шағылыстырылған. Барлығы 17 қара және 15 қоңыр түсті күшік алынған. Ата-анасының және ұрпақтарының генотипін анықтауға бола ма?

  14. Генотипі Рр түлкілер платинді бояулы, ал рр-түлкілер күміс-қара түсті болып келеді. Платинді бояулы түлкілерді бір-бірімен шағылыстырғанда ұрпақтарында – 2 платинді, 1 күміс – қара күшік туылған. Кейде ақ түсті күшікте алынған, бірақ олар кешікпей өліп отырған. Осы күшіктің генотипі қандай.

  15. Ирландия сеттерінің /иттің үйретілген тұқымы/ рецессивті геннің әсер етуіне байланысты көздері көрмей қалуы мүмкін. Осы иттерді бір-бірімен шағылыстырғанда 5 күшік алынған, оның екеуінің көзі көрмейтін болған. Сау күшіктің біреуі қолтұқымды көбейту мақсатында сатылған. Оның ауру ген бойынша гетерозиготалы болуының ықтималдығы қанша?

  16. Арпа өсімдігінің ерте пісетін белгісі кеш пісетінінен басым. Арпаның екі сортын бір-бірімен будандастырғанда кеш пісетін арпамен салыстырғанда, ерте пісетін арпаның мөлшері 3 есе артық болған. Ата-аналық арпа өсімдігінің фенотипін және генотипін анықтау керек?

  17. Адамда қой көзді белгі көк белгіге қарағанда доминантты түрде тұқым қуалайды. Әкесінің көзі көк, анасының көзі қой көзді қыз, ата-анасының көзі қой көзді, көк көзді жігітке тұрмысқа шығады. Осы некеден қой көзді бала дүниеге келеді. Көрсетілген кісілердің генотипін анықтау керек?

  18. Бұршақ өсімдігінің тұқымының қара түсі, ақ түсінен басым. Мына будандастырудан алынған өсімдіктердің тұқымының түсі қандай болмақ? а/ Аа х Аа; ә/ АА х Аа; в/ аа х АА; г/ Аа х аа.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет