Оқулық Сараптамашыға ескерту!


Бірінші ұрпақ будандарын талдау



бет34/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   123
3. Бірінші ұрпақ будандарын талдау
Барлық шыққан ұрпақтың денелері сұр түсті екендігіне, яғни сұр түс қара түске қарағанда басым болатындығына және F1 - будандарының біркелкі екендігіне көз жеткізу керек. Алынған мәліметтер кестеге жазылады (4-кесте).
4. Бірінші ұрпақ буданын өзара шағылыстыру
5. Екінші ұрпақ будандарын талдау
-



12-сурет. Дрозофила шыбын денесінің сұр және қара түсінің
тұқым қуалауы

Шыбындардың арасында сұр және қара денелілері барлығын анықтап, яғни белгілердің ажырайтындығын дәлелдеу.


Сұр және қара шыбындарды есептеп кестеге жазып қою.


6. Талдаушы будандастырудың нәтижесін талдау
Fт-де сұр және қара денелі шыбындар бар екендігін, яғни ажыраудың болғандығын анықтау, Сұр және қара шыбындарды есептеп, нәтижесін кестеге жазып қою.
7. Будандастырудың сызбанұсқасын құрастыру
Екі будандастыру сызбанұсқасын көрсету: F1 және F2, талдаушы будандастыру. 9-суретке және сызбаға сәйкес геннің аллельдерін көрсету.
8. Алынған нәтижелерді статистикалық жолмен өңдеу
F2 және Fт тәжірибелерінде алынған нәтижелер, яғни сұр және қара шыбындардың арақатынасы теория бойынша күтілгеннен, яғни 3:1 немесе 1:1 басқаша болып шығады. Осы айырмашылық кездейсоқ па? Немесе ажырау теория бойынша күтілгенге сәйкес, не сәйкес еместігін тек қана статистикалық әдіспен анықтауға болады. Өте қарапайым және қолайлы әдіс Х2 (хи квадрат) әдісі. Бұл әдісті қолдану Х2-тың шамасын есептеу және оны бағалауды көздейді.
Есептеу:
Х2 = ∑
әдісі бойынша жүргізіледі. Мұнда, ∑ – жиынтық белгісі; Е – нақты бір белгісі бар особьтардың теория бойынша алынуға тиіс саны; О – нақты алынған мәліметтің әр класс үшін тиісті теориялық күтілімнен ауытқуы.
Есептеу кезінде тәжірибеде алынған нақты сандық мәліметтердің (О) негізінде ажырау кластарының кестесін құрады. Содан соң іріктеменің көлемін құрайтын барлық кластар жиілігінің қосындысынан әрбір кластың теориялық шамаларын (Е) алып тастайды, бұл жерде олардың 3:1, 1:1 т.б. ажырауға сәйкестігі ескеріледі. Әрі қарай алынған мөлшердің әрбір кластың теориялық күтілім мөлшерінен ауытқуын (Е) шығарады.
Әрбір ауытқу, яғни квадратқа шығарады және оны берілген кластың теориялық күтілім санына бөледі:

Содан соң барлық жеке мәндерді қосады да жоғарыда келтірілген формула арқылы Х2-тың мәнін шығарады. Х2-тың шамасын Фишер кестесі арқылы анықтайды (5-кесте). Кестеде мүмкіншілік шамасы (Р) берілген. Олар нені көрсетеді? Х2 фоормуласына назар аударсақ, тәжірибеде алынған және теориялық мәліметтер бір-біріне толық сәйкес болса, Х2 нөлге тең болмаған жағдайда салыстыру үшін алынған мәліметтердің айырмашылығы кездейсоқ деп есептелінеді (бұл гипотеза нөлдік деп аталады).
Кестеде берілген ықтималдық, нөлдік гипотезаның ықтималдығы болып табылады. Егер салыстырылатын көрсеткіштердің айырмашылығы кездейсоқ болса, онда 0,05 ықтималдығы кестеде берілген Х2 мәні – 100 бөлшектің 5-не ғана тән екендігін көрсетеді. Ықтималдығы 0,05-ке тең немесе одан төмен ауытқулар іс жүзінде кездеспейді деп саналады. Сондықтан кестеде берілген 0,05 шамасындағы Х2 мәнімен салыстыруға арналған мөлшерінің айырмашылығы кездейсоқ емес деп есептелінеді, яғни нөлдік гипотезаны мүлдем ескермеу керек 0,01 ықтималдағы осыны көрсетеді, бірақ кестеде берілген Х2 мәні, егер айырмашылық кездейсоқ болса, 100-дің бірінде ғана шығады, яғни өте сирек кездеседі.
Сондықтан Х2 көрсеткіші кестедегі мәнге тең немесе жоғары болса, нөлдік шипотеза ескерілмейді, яғни салыстырмалы көрсеткіштердің айырмашылығы кездейсоқ емес, заңдылық болады. Басқа жағдайларда (Х2 кестедегідей төмен болғанда) нөлдік гипотезаны қабылдайды, яғни айырмашылықтарды кездейсоқ деп санайды. Сонымен кестеде берілген кеңістік дәрежесінің сандары нені көрсетеді десек, ол - тәуелсіз есептеліп шығарылған теория бойынша күтілетін шамалар. Алынған мысалда теория бойынша күтілетін екі шама есептелген сұр және қара шыбындардың саны.
Егер сұр шыбындардың санын есептеп шығарса, қара шыбындардың санын автоматты түрде анықтауға болады, ол сұр шыбындардың қосындысы мен санына тәуелді болады. Тәуелсіз дәреже осы. Жалпылай алғанда, ажырауды талдағанда тәуелсіз дәреже саны әрқашанда әртүрлі кластардың санынан 1-ді алып тастағанға тең болады. Егер іріктеменің мөлшері 50-ден көбірек болса, ал кластардың теориялық күтілім жиілігі 5-тен кем болмаса, Х2 критерий сенімді нәтиже береді. 3:1 күтілім арақатынасына сүйене отырып, өздеріңізді және топ студенттердің F2-де ажырау кезінде алынған қосынды нәтижелеріне статистикалық өңдеу жүргізіңіздер. Осы алынған ажырау теориялық күтілінген арақатынасқа сәйкес екендігін дәлелдеңіздер.
Қарастырылып отырған мысалда бір тәуелсіз дәреже Х2= 2,00 және 0,41 бұл сандар кестенің бірінші жолындағы, Х2=3,84 және 6,63 көрсеткіштерден аз. Яғни бұл тәжірбиеде алынған және теориялық күтілім нәтижелердің арасындағы айырмашылық кездейсоқ екендігін көрсетеді (5-кесте).
Талдауға алынған шыбындардың саны неғұрлым көп болса, тәжірибедегі ажырау теория жүзіндегі 3:1 күтілімге дәл бола түседі. Бір студенттің алған нәтижелеріне (Р› 0,05) қарағанда барлық студенттердің жиынтық мәліметтері (Р›› 0,05) болуға тиісті арақатынасқа көбірек сәйкес келеді. Осы жолмен барлық топ студенттерінің алған мәліметтеріне Ғт ажырауға статистикалық өңдеу жүргізіңіздер. Осы ажыраудың 1:1 арақатынасына сәйкес екендігін дәлелдеңіздер.


4-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет