Есептер.
1-есеп. Көк көзді еркектің әке-шешесі қой көзді. Ол әкесінің көзі көк, шешесінің көзі-қой көзді, қой көзді әйелге үйленеді. Осы отбасында қой көзді ұрпақ дүниеге келеді. Аталған кісілердің генотипі қандай болады, егер қой көзді белгі көк көзді белгіге қарағанда басым болса?
Шешуі. Есепте берілген гендер мен белгілерді үш бөлімнен тұратын кестеге енгіземіз. Бірінші бөлімге белгілердің фенотипін, екінші бөлімге сол белгілерді бақылайтын доминантты, рецессивті гендерді, ал үшінші бөлімге мүмкін болатын генотипін жазамыз.
Белгі
|
Ген
|
Генотип
|
Қой көзді
|
А
|
АА, Аа немесе А-
|
Көк көзді
|
а
|
аа
|
Көк көзді еркектің генотипі басынан белгілі гомозигота (аа), себебі ол рецессивті белгі. Қой көзді әйел генотипі жағынан гомозигота АА немесе гетерозигота Аа болуы мүмкін, себебі қой көзді белгі доминантты. Әйел өзінің көк көзді әкесінен тек көк көзді белгіні анықтайтын генді алатындықтан, оның генотипі гетерозигота Аа болады. Бұл отбасында қой көзді ұрпақ келеді, оның генотипі әкесінің көзі көк болғандықтан, гомозигота бола алмайды, гетерозигота Аа болады.
Некенің үлгісін көрсетейік:
Р. Аа Х аа
Г. А а а
Ғ1. Аа
Сонымен, еркектің генотипі – аа, әйелдікі – Аа, оның баласының генотипі – Аа.
2-есеп. Адамда тас керең ауруы аутосомды рецессивті типте тұқым қуалайды. Егер әке-шешесіде осы ауру бойынша гетерозигота болған жағдайда, осы отбасында сау және ауру балалардың туу ықтималдығы қандай?
Шешуі:
Есептің шартын кестеге түсіреміз.
Белгі
|
Ген
|
Генотип
|
Жақсы естиді
|
А
|
Аа
|
Тас керең
|
а
|
аа
|
Р. Г1 Аа Х Аа
Г. А а А а
Ғ2 АА 2Аа аа
Некеге отырған ата-ананың генотипі гетерозигота Аа және Аа. Олар жақсы естиді. Гетерозиготалы ата-анадан балалардың өмірге келу ықтималдығы генотипі бойынша мынадай болады. АА – 25%, Аа – 50%, аа – 25 пайыз болады. Сонда сау балалардың өмірге келу ықтималдығы – 75%, ал ауру болуының ықтималдығы – 25 пайыз болады.
3-есеп. Адамда алты саусақтың болуын /полидактилия/ доминантты геннің, ал бес саусақтың болуын рецессивті геннің анықтайтыны белгілі. Алты саусақты еркек, бес саусақты әйелге үйленеді. Олардың бес баласы бар, бәрі де алты саусақты. Егер ұлдарының біреуі бес саусақты әйелге үйленіп, бірнеше баласы болса, онда қанша баласы полидактилиямен ауырады?
Шешуі:
Есептің шартын кестеге енгіземіз:
Белгі
|
Ген
|
Генотип
|
Алты саусақты
|
К
|
КК, Кк
|
Бес саусақты
|
к
|
Кк
|
Мұнда әйелдің генотипі белгілі – рецессивті гомозигота кк. Еркекте доминантты ген болғандықтан оның генотипі осы белгі бойынша гомозиготалы немесе гетерозиготалы болуы мүмкін. Бес баласының бәрі де алты саусақты болғандықтан, әкесінің генотипі гомозигота екенін көрсетеді. Балаларының генотиптері гетерозигота, себебі бір генді әкесінен, екінші генді шешесінен алады. Бес саусақты қызға үйленген баласының балаларының жартысы алты, жартысы бес саусақты болады.
Некенің үлгісін көрсетейік:
Р. Кк Х кк
Г. К к к
Ғ1. Кк кк. Сонымен, балаларының алты саусақты болып тууының ықтималдығы – 50 пайызға тең.
4-есеп. Адамда альбинизм белгісі аутосомды-рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Ерлі-зайыптылардың біреуі альбинос, екіншісі қалыпты. Осындай отбасында екі жұмыртқадан пайда болған егіздер дүниеге келген. Олардың біреуі альбинос та, екіншісі бұл белгі бойынша қалыпты. Келесі ұрпақта альбинизм белгісінің болу ықтималдығын анықтау керек.
Шешуі:
Есептің шартын кестеге енгіземіз:
Белгі
|
Ген
|
Генотип
|
Қалыпты
|
А
|
АА, Аа
|
Альбинос
|
а
|
аа
|
Ерлі-зайыптылардың біреуін әйелді ауру деп белгілейік оның генотипі – аа. Оның күйеуі сау. Күйеуінің генотипі гомозиготалы немесе гетерозиготалы болуы мүмкін. Осы отбасында екі түрлі егіздердің тууы аталықтың генотипі гетерозигота екенін көрсетеді.
Осы некенің үлгісін көрсетейік:
Р. Аа Х аа
Г. А а а
Ғ1 Аа аа
Осы отбасында ауру бала болғанымен, келесі баласының альбинос болып тууының ықтималдығы 50 пайыз, себебі гаметалардың арақатынасы өзгермейді.
5-есеп. Адамда оңқайлық белгі солақайлықтан басым, шешесі солақай болған оңқай еркек, онқай әйелге үйленеді. Әйелдің үш інісі, бір сіңлісі бар, олардың екеуі солақай болған. Әйелдің генотипін анықтау керек. Бұл отбасында солақай бала дүниеге келу мүмкін бе?
Шешуі:
Есептің шартын кестеге енгіземіз:
Белгі
|
Ген
|
Генотип
|
Оңқайлық
|
А
|
АА, Аа
|
Солақайлық
|
а
|
аа
|
Мұнда еркектің генотипі гомозигота немесе гетерозигота болуы мүмкін. Еркектің генотипі гетерозигота, себебі оның анасы солақай. Ал әйелдің генотипіне келсек, оның да генотипі гетерозигота себебі оның үш інісі, бір сіңлісі бар. Олардың екеуі солақай. Бұл әйелдің генотипі гетерозигота екенін білдіреді.
Осы некенің үлгісін көрсетейік:
Р. Аа Х Аа
Г. А а А а
Ғ АА Аа Аа аа. Бұл отбасында солақай болуының ықтималдығы 25 пайыз.
Достарыңызбен бөлісу: |