Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет5/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Тапсырмаларды орындау

  1. Микроскопты жұмысқа ыңғайлы, қозғалмайтын столға орналастырады.

  2. Жұмсақ матадан жасалған шүберекпен микроскоптың оптикалық бөлшектерін (окулярын, объективтерді, айнасын, т.б. бөлшектерін) сүртіп шығу керек.

  3. Объективтерді (х9, х40, х90) ұясына дұрыс орналастыру (сағат тілінің бағытына сәйкес) керек.

  4. Микроскоптың алдында жарық түсіргіш қондырғыны орналастырып, токқа қосу қажет. Жарықты микроскоптың айнасына, айнаның көмегімен жарықты объективке түсіреді.

  5. Зерттелетін препаратты микроскоптың үстеліндегі препаратты бағыттайтын қондырғыны нысанаға, объективті х9 қойып, зерттей бастайды.

  6. Микроскоптың конденсорын жоғары көтеріп, диафрагманы 1,5 см ашады. Жарық көру жазығына тегіс түсу керек.

  7. Препараттарды х40 объективпен немесе иммерсиялық майдың көмегімен х90 объективпен көріп, хромосомаларды талдауға болады.

  8. х90 объективпен жұмыс істегенде алдын ала х40 объективтің көмегімен қарайтын затты тауып, препараттың жабыңқы шынысына бір тамшы иммерсиялық майды тамызып, х90 объективпен қарайды.

  9. Препараттағы затты талдау үшін, көріну алаңының үстіңгі сол жағындағы шетінен оңға қарай әр жасушаны талдап, оң шетінен төмен қарай жылжиды. Осылай препараттағы жасушаларды түгел талдайды.

  10. Препаратты анализдеп болған соң, объективті көтеріп, конденсордың линзасындағы, микроскоптың объективтігіндегі майды ксилол немесе бензинге малынған жұмсақ шүберекпен сүртеді.

  11. Жұмыс аяқталған соң немесе үзілісте препаратты микроскоптан алып, х9 объективке қойып, қапшығымен жауып, жарық түсіргіш қондырғыны электр желісінен ажыратады.



Тапсырмаға түсініктеме
Жасушаның тіршілік циклі
Көпжасушалы организмде жасушалар белгілі бір нақты құрылыс пен функцияға ие болады. Соған қарай жасушалардың тіршілік ету ұзақтығы да әртүрлі. Мысалы: жүйке және бұлшық ет жасушаларында эмбриондық даму кезеңі аяқталған соң, жасушалар бөлінуді тоқтатып, әрі қарай тіршілік барысында өз қызметін атқарады. Ми жасушалары эпидермис, тоқ ішек эпите-лийлері сияқты басқа жасушалар өздерінің арнайы функциясы барысында тез тіршілігін жояды. Сондықтан да бұл ұлпаларда үздіксіз жасушалық көбею үдерістері жүріп отырады.
Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде, сонымен қатар митоз барысында бірінен соң бірі жүретін және өзара байланысты үдерістер жиынтығын митоздық цикл деп атайды. Ол тіршілік циклінің бір бөлігін құрайды.
Жасушаның тіршілік циклі бірнеше кезеңдерден тұрады:
Жасушаның ДНҚ синтезіне дайындық кезеңі (G1). Ол G1 символымен белгіленеді. Бұл кезеңде жасушада РНҚ мен нәруыздардың синтезі жедел түрде жүріп, ДНҚ синтезіне қатысушы ферменттердің белсенділігі жоғарылайды. G1 фазасы аяқталған соң, жасушада ДНҚ синтезі жүреді.

  1. ДНҚ-ның синтезделу кезеңі (S) символымен белгіленеді. ДНҚ-ның синтезделу кезеңі немесе оның редупликациялануы – екі еселенуі. ДНҚ молекуласының редупликациялануы белгілі бір тәртіппен жүреді. Жаңа молекула абсолютті түрде ескі молекулаға ұқсас болады. Әртүрлі жасушалардағы ДНҚ синтезінің ұзақтығы бірдей емес: бактерияларда бірнеше минут, ал сүтқоректілер жасушаларында 6-12 сағат.

  2. ДНҚ синтезінің аяқталуы мен митоздың басталу кезеңі (G2 ). ДНҚ синтезінің аяқталуы мен митоздың басталу кезеңі G2 фазасы деп аталады. Бұл кезеңде жасушаның митозға дайындығы толық аяқталады. Митоздық бөліну жүзеге асу үшін жасушаға басқа да дайындық үдерістері қажет, яғни жасуша орталығының 2 еселенуі және нәруыздар синтезі, олардан жасушаның өсуін аяқтайтын ахроматин жіпшелері құралады.

Жасушада митоз үдерісі басталғанда, жасушаның функционалдық белсенділігі өзгереді. Мысалы, қарапайымдылардағы және жоғары сатыдағы жануарлар лейкоциттерінің қозғалыстары мен сұйықты сіңіру қызметі, амебалар вакуольдерінің жиырылғыштығы тоқталады. Жасушаның арнайы құрылымдары, мысалы, эпителий жасушаларының кірпікшелері жойылады.
Митоздық цикл жасушалардың эмбриондық дамуын, өсуін, түзілуін және жас жасушалар арасында тұқым қуалау ақпараттарының көлемі мен құрамы жағынан тең берілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қайта қалпына келуі сияқты тіршілік үшін маңызды құбылыстарды да қамтамасыз етеді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет