Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет6/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

3-сурет. Жасушаның тіршілік циклі және митоз

Мұны митоздық циклде аналық жасушадағы тұқым қуалау материалының редупликациясы (екі еселенуі) мен осы материалдың жаңа ұрпақ жасушаларының арасында тең бөлінуін көруімізге болады. Мұнда терең биологиялық мағына жатыр, өйткені ДНҚ құрылымының бұзылуы генетикалық кодтың өзгеруіне әкеледі және ол организм үшін пайдалы белгілердің дамуын қамтамасыз ететін генетикалық ақпараттардың сақталуы мен тұқым қуалау белгілерінің берілуіне кедергі келтіреді. Әрбір организм жасушалардан тұрады. Организмнің тіршілік етуі мен дамуы жасушалардың көбеюін қамтамасыз етеді. Жасушаның бөлінуі деп бір аналық жасушадан екі немесе бірнеше жасушалардың түзілу үдерісін айтады.


Митоз (кариокинез). Көпжасушалы организмдер жасушаларының көбеюінің негізгі жолы – митоз немесе жасушалардың бөлінуі болып табылады. Жасушаның тіршілігін шартты түрде екі кезеңге: интерфаза – жасушаның митоздық бөлінуге дайындық кезеңі және нағыз бөліну кезеңі деп бөлуге болады. Екі кезең бірігіп митоздық кезеңді құрайды.





4-сурет. Митоз

Митоздың негізгі жүру жолдарын қарастырайық. Көбеюдің негізі ДНҚ-да жазылған генетикалық ақпаратты сақтау және тасымалдау болғандықтан, митоздың ең басты сипаты ДНҚ-ның орналасатын жері хромосомалардың күйіне байланысты.


Митоздық бөліну кезінде бір диплоидты жасушадан (2n) генетикалық материалы теңдей бөлінген екі диплоидты жасуша түзіледі.
Митоз:
1. Профаза;
2. Метафаза;
3. Анафаза;
4. Телофаза сияқты төрт фазадан тұрады.


Профаза. Профазада ядро көлемі ұлғайып, хромосомалар ширатыла бастайды, екі центриольдің жасуша орталығы жасушаның полюстеріне ажырайды. Хромосомалар ширатылып, жіпшеге айналып, ядрошық бұзылады. Ядро қабықшасы ыдырайды. Жасуша орталығының центриольдер жасуша полюсіне тартылып, олардың арасындағы микротүтікшелері бөліну ұршығын түзеді. Профаза соңында ядро қабықшасы жеке фрагменттерге бөлініп, олардың шеткі ұштары қабысады. Нәтижесінде эндоплазмалық торға ұқсас ұсақ көпіршіктер түзіледі. Профаза кезеңінде хромосоманың ширатылуы тоқтамайды. Соңында қысқа әрі жуан хромосомаларға айналады. Ядро қабықшасы жойылғаннан кейін, хромосомалар цитоплазмада еркін әрі ретсіз орналасады. Бұл – метафазаның басталғанын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет