Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет65/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

5-есеп. Дрозофила шыбынында P және R гендері бір аутосомада орналасқан. Генотипі . Аталық және аналық шыбындар қанша кроссоверлі және кроссоверлі емес гаметалар түзеді?
6-есеп. Тауықта сирағының қысқа белгісі (S) қалыпты аяғынан (s), ал раушан гүл тәрізді айдарлы белгісі (R), жапырақ (r) тәріздісінен доминантты. Бұл белгілердің гендері бір аутосомада 8 морганида арақашықтықта орналасқан. Генотипі дара және генотипі дара қанша типті кроссинговерлі емес гамета түзіледі?
7-есеп. А және В гендері бойынша дигетерозиготалы тауықты, осы гендердің рецессивті аллельдері бар қоразбен шағылыстырғанда, фенотипі бойынша: АВ : Ав :аВ : ав = 25 % :25% :25% :25% қатынаста ұрпақ балапандар алынған.
Шағылыстырудағы А,А және В,в гендердің тіркесіп немесе тәуелсіз тұқым қуалауын анықтаңдар.
Гетерозиготалы ата-ананың генотипін және хромосомада орналасқан гендердің қатарын, олардың арақашықтығын анықтаңдар.
8-есеп. Дигетерозиготалы аналық осы гендер бойынша рецессивті аталықпен екі рет шағылыстырылған.
А. Егер АаВb аналық 6% кроссоверлі ұрпақ берсе, хромосомадағы А және В гендерінің арақашықтығы қандай болғаны?
Ә. Егер МmNn аналықтан 0,5% рекомбинат алынса, хромосомадағы M және N гендерінің арақашықтығы қандай?
9-есеп. Дрозофила шыбынының қанатының қайырылған белгісінің рецессивті (b) гені IV хромосоманың 0,0 локусында орналасқан. Рецессивті ген (е) көзсіздікті анықтайды. Осы гендердің доминантты аллельдердің басымдылық әсерінен дрозофила шыбынының қанаты және көзі қалыпты болады. В және Б гендері бойынша қалыпты аналық аналық шыбынды, белгілері бойынша рецессивті аталығымен шағылыстырғанда: 49,55% шыбын – екі белгі бойынша қалыпты; 0,45% шыбын – көзі қалыпты, қанаты қайырылған; 0,45% шыбын қанаты қалыпты, көзсіз; 49,55% шыбын қанаты қайырылған, көзсіз ұрпақ алынған. Көзсіздікті анықтайтын(е) геннің қандай хромосомада және қай локусында орналасқанын анықтаңдар. Аталған гендердің арақашықтығын анықтап, хромосоманың қарапайым картасын сызыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет