Оқулық Сараптамашыға ескерту!


-жұмыс Тақырыбы: Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы



бет68/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

12-жұмыс


Тақырыбы: Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы
Мақсаты: Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауының негізгі заңдылықтарымен танысу. Ғ1 және Ғ2 ұрпақтардағы реципрокты шағылыстыру айырмашылықтары, крисс-кросстық тұқым қуалау.
Құрал-жабдықтар:

  1. Жаңа пісірілген тамақтық ортасы бар пробиркалар.

  2. Дрозофила шыбынының N және w (white) линиялары.

Тапсырмалар: 1. Жыныс хромосомаларымен танысып, дрозофила шыбынының аналық және аталық шыбындарының ерекшеліктерімен танысу, айыра білу.
2. Мынадай шағылыстыру жүргізіңдер. ♀ N х ♂ White және ♀ White x ♂ N.
3. Белгілердің ажырауының теориялық үлгісін жазыңдар.
4. Ғ1 ұрпақ шыбындарын талдап, Ғ2 ұрпақ алу үшін шағылыстыру қойыңдар.
5. Ғ2 ұрпақ шыбындарын алып, оларды талдаңдар.
Тапсырмаларға түсініктеме
Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы. Гендердің жыныс хромосомаларда орналасқан белгілерді жыныспен тіркескен белгілер, ал белгілердің жыныстық хромосомалары (Х және Y) арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берілуін жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы деп атайды. Бұл құбылысты Т. Морган дрозофила шыбынына тәжірибе жүргізгенде ашқан.
Дрозофила шыбынының көзінің қою қызыл түсті белгісі (W), ақ белгісінен басым (w). Гомозиготалы қызыл түсті аналық шыбынды (Хw Хw) ақ көзді аталық шыбынмен (Хw Y) шағылыстырғанда, Ғ1-де ұрпақ шыбындарының көздерінің түсі қызыл болған. Ғ2 ұрпақта белгілер 3:1 қатынасында ажыраудың орнына барлық аналық шыбындар қызыл көзді, аталық шыбындардың жартысы қызыл, қалған жартысы ақ көзді болған. Ал ақ көзді аналық шыбынды, көзінің бояуы қою қызыл түсті аталығымен шағылыстырғанда, Ғ2 ұрпақта аналық шыбындар әкесінен қызыл түсті, аталық шыбындар анасынан ақ түсті алатындықтан, белгілер айқас тұқым қуалайды. Ғ2 ұрпақта жыныстық хромосомалардың тұқым қуалауына сәйкес аналық шыбындардың жартысы ақ көзді, жартысы қызыл көзді, осымен қатар аталық шыбындардың да жартысы қызыл, жартысы ақ көзді болады.
Жыныстық хромосомаларда орналасқан гендер анықтайтын белгілердің тұқым қуалауы, Мендель анықтаған белгілердің ажырауынан өзгеше болады. Х және Y хромосомалардың гомологты емес бөліктері бар, сондықтан да Х хромосомадағы гендердің аллельдері Y хромосомада болмайды. Керісінше, Y хромосомада бар гендердің аллельдері Х хромосомада жоқ. Гендердің мұндай күйін гемизиготалы деп, ал мұндай генотипі бар организмді гемизигота деп атайды.
Егер ген Х хромосомада орналасқан болса, онда ген әкесінен қыздарына, шешесінен ұлдарына белгілер теңдей беріледі. Белгілердің шешесінен ұлдарына, ал әкесінен қыздарына берілуі Крисс-кросс тұқым қуалау деп аталады.
Белгілерді бақылайтын гендер Y хромосомада орналасса, онда Х хромосомада оған сәйкес бөлік болмағандықтан, әкеден тек ұлдарына беріледі. Себебі, қыздарына Y хромосома берілмейді. Мысал ретінде адамда аяқ саусақтарының арасында жарғақтың болуы, құлақтың ішінде шоқ жүннің болуы тек әкеден ұлдарына берілетін белгілер. Құстарда, кейбір балықтардың түрлерінде және көбелектерде көптеген белгілер жыныспен тіркесіп берілетіні анықталған. Бұл жағдайда белгілерді анықтайтын гендер Х хромосомада орналасқан. Бірақ аналық гетерогаметалы да, аталық гомогаметалы болады.
Дрозофила шыбынының аналығы – гомогаметалы. Олар бірдей жынысты Х хромосомадан тұрады. Ал еркек шыбындар – гетерозиготалы. Олар бір-бірінен жақсы ажыратылатын жынысты хромосомалардан тұрады. Олардың біреуі (х-хромосомасы) аналық шыбынның х-хромосомасына ұқсас, екінші у-хромосома, кейде → деп белгілейді. Шыбында жынысты анықтауда Y-хромосома доминантты.
Дрозофила шыбынында жынысты анықтау:
♀Х Х ♂Х Y
жұмыртқа х сперматозоидтар
гаметалар х х х y

зиготалар


♀♀ Х Х ♂♂ Х Y
үлгіде жүреді.
Жыныс хромосомалары бойынша гомозиготалы аналықтар тек біртекті гамета түзеді – Х, ал гетерезиготалы аталықтар екі тип гаметалар Х және Y түзеді. Ұрықтану нәтижесінде аналық шыбындардың генотипі ХХ және аталықтардың генотипі ХY. Жыныстың осындай тұқым қуалау механизмі популяцияда аталық және аналық дақылдардың санының бірдей болуын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет