Оқулық Сараптамашыға ескерту!


БЖ және ЕЖ егіздерде қалыпты белгілердің ұқсастығы, %



бет88/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

БЖ және ЕЖ егіздерде қалыпты белгілердің ұқсастығы, %



Аурулар

БЖ

ЕЖ




Қан топтары АВО

100

46




Терінің түсі

100

45




Көздің түсі

99,5

28




Шаштың түсі

97

23




Шаштың пішіні

100

79




Мұрынның пішіні

98

20




Көкірек клеткасының пішіні

96

60




Баланың алғашқы жүрген жасы

67

30




Саусақ терісінің иірімдері.

92

40




  1. Мына төменде келтірілген мағлұматтарға сүйеніп, Абай шежіресін құрастырыңдар. Шежірені құрастыруда ұрпақтарды орналастыру ретіне көңіл аударған дұрыс. Шежірені Абайдың өзінен бастаған жөн.

Абай шежіресі
Ұлы Абайдың түп-тегі Тобықтыдан Мәмбетай, Күшік деген ұрпақтар өрбиді. Күшіктің бәйбішесінен екі бала туады. Олар – Сәнкімұрын және Бейімбет. Тоқалынан Әнет және Әйтек дүниеге келеді. Әйтектің бәйбішесінен Олжай туады. Олжайдың Айдос, Қайдос, Жігітек деген ұлдары болады. Айдостан Ырғызбай, Торғай, Топай, Көтібақ деген балалар тарайды. Осы төртеуінің ішіндегі үлкені – Ырғызбай. Тобықты руының бір кездегі белгілі биі болған Кеңгірбай қартайған шағында өздерінің туыстарының арасында 16 жастағы Ырғызбайға айрықша назар аударады. Ырғызбай басқаларға қарағанда әділеттілігімен көрініп, ел арасына тараған жемқорлық сияқты жаман қылықтардан бойын аулақ ұстаған. Ырғызбайдан Өскенбай, Мырзатай, Өсер, Жортар деген төрт ұл туады.
Өскенбай 1778 жылы туып, 1850 жылы дүниеден қайтқан. Өскенбайдың бес әйелі болған, ең үлкен бәйбішесі – Зере. Зере әжесі ретінде Абайға жас кезінен бастап адамгершілік сананы орнатуына себебші болған. Зереден Өскенбайдың Құттымұханбет, Құнанбай, Тайбала деген балалар өрбиді. Құттымұханбет жас кезінде қайтыс болса, Тайбала қыз бала. Өскенбайдың екінші әйелінен – Жақып, үшінші әйелінен – Майбасар, одан кейінгі әйелінен – Таңшолпан екен. Соңғы әйелі Күншеден – Сұлтанбек, Бейсенбай, Кенжебай тарайды.
Құнанбай өзі төрт әйел алған. Ең үлкен бәйбішесі – Күнке. Күнкеден Құдайберді атақты Шәкәрімнің әкесі. Екінші әйелі – Ұлжан. Ұлжаннан – Тәңірберді, Ибрагим – Абай, Ысқақ, Оспан атты ұлдар туады. Үшінші әйелі – Айғыз. Одан Халиолла, Смағұл деген балалары болған. Төртінші, соңғы әйелі – Нұрғаным. Нұрғанымнан ұрпақ болмаған.
Құдайбердіден Шәке, Шәкәрім, Мұртаза, Әмір, Ырзықбай деген балалар туады. Шәкеден Дедери, Әлеш, Қибаш деген балалар тарайды. Қибаштан ұрпақ жоқ. Дедериден – Бақдәулет, Лот деген екі бала болған. Ал, Зәлештен Қиният, Ғайса дегендер туады. Шәкәрімнің өзінен: Суфиян, Қапар, Қабыш, Ахат, Зият деген балалар дүниеге келді. Сүфияннан – Талғат, Талғаттан – Берік. Қапардан – Баязит, одан ұрпақ жоқ. Қабыштан да ұрпақ жоқ. Ахаттан – Фзули, Дәулет деген балалар болған. Зияттан – Мереке, Мұртазадан Шерияздан, одан Әсләм, Әсләмнан ұрпақ жоқ. Әмірден де ұрпақ жоқ. Ырзықбайдан – Медеухан, Төлеухан. Төлеуханнан ұрпақ жоқ та, Медеуханнан – Қамыран, Әлекс деген балалар туады.
Абайдың бірге туған ағасы Тәңірберді. Оның жалғыз ұлы – Әзімбай. Әзімбайдан: Шәкеш, Шалабай, Аңсари, Бердеш, Зұлғарыш, Басари, Зұлпадан, Мәнекеш, Мәжит деген 9 бала туады. Олардың ішінде Мәжиттен Аңсардан, Шалабайдан ұрпақ болмаған. Шәпеттен – Фатих, Зұлғарыштан – Мәмбет, Төлеуқазы. Зұлпаданнан – Мұрат, Мұраттан – Әлім деген ұрпақтар өрбіген.
Ысқақтан Кәкітай туады. Ол көзі ашық, оқыған азамат болады. Абайдың атының шығуына үлкен себепкер болған. Абайдың өлеңдерін жинап, алғашқы өмірбаянының нұсқасын жазып, 1909 жылы Петербург қаласында Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын шығарттырған. Кәкітайдан Әрхан деген бала болған. Ол 1886 жылы туған. Абайға арнап «Зағипа» деген дастан жазған.
Абайдың үшінші шешесі Айғыздан туған бауыры Халиолла 1849 жылы туып, 1870 өлген. Халиолла Өскенбаев кезінде 1867 жылы атақты Шоқан Уәлиханов бітірген Омбы кадет гимназиясын бітірген азамат. Орыс армиясының офицері болған.
Абайдың бәйбішесі – Ділдә Тобықтыға белгілі болған әйгілі би Алшынбайдың немересі. Ол кісіні 1924 жылы дүниеден қайтқан деп айтады. Яғни, Абайдан 20 жылдан кейін. Осы Ділдәдан туған Абайдың тұңғышы – Ақылбай. Ол 1861 жылы туып, 1904 жылы қайтыс болған. Заңдылық па, тағдырдың сәйкестігі ме? Әуелі 1904 жылы Абайдың үшінші ұлы Мағауия қайтыс болады. Мағауияның қырқын беріп жатқан күні Абайдың өзі дүние салады. Міне, осы екі өлікті аттандырып, соңғы қонағасын беріп, әкесінің қырқын өткізіп жатқан күні Ақылбай қайтыс болады.
Тұнғыш ұлы Ақылбай болса, онан кейінгі туған баласы Әкімбай деген болатын, бірақ ол жастайында кеткен. 1865 жылы туған бала шамасы 8-9 жыл өмір сүрсе керек. Одан кейін туған баласы Әбдірахман, оны еркелетіп Әбіш деп атап кеткен. Әбіштен кейінгі ұл Мағауия болса, Гүлбадан, Райхан деген екі қыз болған.
Екінші әйелі Әйгерім 1858 жылы туып, 1918 жылы қайтыс болған. Әйгерімнен 4 бала дүниеге келген. Олар: Тұрағұл, Мекайыл, Узқайыл, Кенже.
Абайдың ұлдарын талдайтын болсақ, Әкімбайы өте жас кетеді. Әбдірахман 1895 жылы Верный қаласында, қазіргі Алматыда, ауыр науқастан қайтыс блады.
Зерттеулерге қарағанда Әбдірахман өлерінен бір-екі жыл бұрын Мағрипаш деген қызға үйленіп, содан туған Рахила деген қыз қалады. Сол Рахиладан Инган, Ихсан деген ұл балалар, Марфуға атты қыз туады. Инганы екінші дүниежүзілік соғыста опат болса, Ихсаны 1955 жылы дүниеден қайтыпты. Марфуғасы ұзақ жасап, Алматыда тұрып кетсе керек.
Абайдың тұңғыш ұлы Ақылбайдың 6 баласы болған. Олар Әубәкір, Сырайыл, Әлімқұл атты ұлдар мен Бәкиза, Рахия, Сағдат деген қыздар. Тағы бір ескеретін жайт Абайдың өзіне тетелес інісі Оспанның ер баласы болмағандықтан Абайдың осы Ақылбайынан тараған немерелерін бауырына басса керек. Оған дәлел 1887 жылы туып, 1935 жылы қайтыс болған Әубәкір Оспанов болып жазылған.
Оспанның бауырында өскен осы Әубәкірден Әлхан, Қапсалам деген екі ұл болса керек. Бірақ екеуі де екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, сол соғыстан қайтпаған. Ақылбайдың Әлімқұлынан 5 бала болған. Олар: Ғазиза, Зәбира, деген қыздар мен Шәбит, Бахфур, Қауаш атты ұлдар. Бахфурдан басқаларының ұрпағы жөнінде дерек жоқ. Ал, Бахфурдың Эрнст, Бауэр, Айдар деген балалары болған көрінеді. Эрнст, Бауэр деген аттарға қарағанда Абайдың үрім-бұтақтары 1928–1930 жылдары жан-жаққа бытырап көшуге мәжбүр болған сияқты. Ал Срайылдан Рахила деген қыз туыпты да одан Ай, Есхан, Бәтима, Екіқаным деген балалары болған. Мағауия Абайұлы 1870 жылы туып, 1904 жылы қайтыс болды. Бес баласы болған. Камила, Бабыр, Уәсила деген қыздары Құтайба, Жағыпар деген балалары. Жағыпардың Жошыхан мен Берекеханы соғыста опат болған. Кейбір деректерге қарағанда Берекехан өте талантты, ақындығы мен компазиторлығы бар, болашағынан үміт артуға болатын жігіт болса керек. Қызы Ишан Ұлы Отан соғысы кезінде Шығыстағы майданда Байкал көлі өңіріндегі авиациялық полкте қару-жарақ сақтаушы болып қызмет еткен.
Мекайылдан туған Қалішер, Құзайыр деген ұлдар соғыстан қайтпаған. Ал Узқайылдың баласы Тоқташ 1925 жылы туған. Тоқташ өнерлі болып өсіпті. Абайдың әндерін, Тәттімбеттің күйлерін нәқышына келтіріп орындайды екен.
Мұхтар Әуезовтың бабасы Әуездің екінші әйелінің аты – Сақыш. Сол Сақыштан туған бала Ахмет Тұрағұлдың қызы Қалимаға үйленген. А.Л.Мағауияның қызы Камила өз кезінде Мұхтар Әуезовтың тұңғыш сүйген жары, әйелі болған. Әуездің қарындасы Нұрғаным Абайдың әкесі Құнанбайдың 4-тоқалы болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет