Есептер
1-есеп. Адамда бұйра шашты белгі доминантты түрде тұқым қуалайды. Отбасында үш бала бар. Ақмаралдың шашы тік, ал екі ұлдың Мұраттың шашы тік, Мараттікі – бұйра. Балалардың, әкесінің шашы тік, шешесінің және нағашы атасының шашы бұйра. Осы отбасының шежіресін құрастырып, отбасының мүшелерінің генотипін анықтаңдар.
2-есеп. Мына төмендегі аурулардың кариотипіне қарай символдарды пайдаланып жазып шығыңдар. Патау синдромымен ауыратын (13 хромосома бойынша трисомия) қыз. Эдварс синдромымен ауыратын (18 хромосома бойынша трисомия). Дауна синдромымен ауыратын ұл (21 хромосома бойынша трисомия). Клайнфельтер синдромымен ауыратын ұл Х (бойынша полисомия). Шершевский-Тернер синдромымен ауыратын қыз (Х хромосома бойынша моносомия).
3-есеп. Мына ауру адамдардың кариотипін сараптап, аурудың себебін анықтаңдар.
1.47,ХҮ,+Q; 2.46, ХХ, 1р+; 3. 46,ХҮ, 14q- ; 4. 47,ХХ,+14р+; 5. 46,ХХ del (1)(q21) ; 6. 46,ХҮ, t (2;5 ) (q21q31); 7. 46,ХХ, r (18) del – делеция, t – транслокация, r – сақина тәрізді хромосома.
4-есеп. Төмендегі берілген кестедегі егіздер туралы мәліметтермен танысып, жұқпалы аурулардың дамуында тұқымқуалаушылық пен орта факторларының әсері туралы қорытынды беріңдер (Хольцингер формуласын қолдануға болады).
17-кесте
Егіздердегі кейбір жұқпалы аурулардың жиілігі
Аурулар
|
Ұқсастығы, %
|
Бір жұмыртқалы егіздер
|
Екі жұмыртқалы егіздер
|
Қызылша
|
97,4
|
95,7
|
Көк жөтел (коклюш)
|
97,1
|
92,0
|
Жұқпалы тамақ ауруы (скарлатина)
|
54,6
|
47,1
|
Күл ауруы (дифтерия)
|
50,0
|
37,7
|
Ангина
|
51,1
|
39,7
|
Өкпе қабынуы (пневмония)
|
32,3
|
18,2
|
Полиомиелит
|
35,7
|
6,1
|
Құрт ауруы (туберкулез)
|
32,8
|
20,6
|
Ревматизм
|
26,0
|
10,5
|
Жұқпалы гепатит
|
45,5
|
18,2
|
Шошқа тұмсық (паротит)
|
82,0
|
74,0
|
5-есеп. Мына кестеде БЖ және ЕЖ егіздерде қалыпты белгілердің даму ұқсастығымен танысып, осы белгілерге қоршаған орта факторларының және тұқымқуалаушылықтың әсері туралы қорытынды жасаңдар. Ол үшін тұқым қуалау коэффициентін (Н) және ортаның әсерін (Е) ескеріп, Хольцингер формуласын пайдаланыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |