Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет86/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

4 -есеп. Шежіредегі тұқым қуалау типін анықтаңдар.
Шешуі: Белгі шежіреде әр ұрпақта кездеспейді, байқалмайды. Бұл аутосомды доминантты типтіге жатпайтынын көрсетеді. Белгі еркектерде де және әйелдерде де кездесетін болғандықтан, голандриялық типтіге де жатпайды. Жыныспен тіркескен рецессивті типті тұқым қуалауды анықтау үшін үшінші ұрпақтағы ІІІ-3 және ІІІ-4 туыстық некені алайық, егер еркектің генотипі Х А V, әйелдікі Х А Х а болса, олардан генотипі Ха Ха қыз тумайды. Бұл шежіреде осындай генотипі бар қыз ІV-2 бар. Сонымен белгінің кездесу жиілігі еркектер мен әйелдерде бірдей екені, туыстық некенің болуы, белгілердің тұқым қуалауы аутосомды-рецессивті типтіге жататыны көрсетеді.
Ескерту:
Есептерді шығару үстінде мына мәселелерге көңіл аударыңдар.
1. Аутосомды-доминантты, аутосомды-рецессивті тұқым қуалау типін білу үшін ата-анасының фенотипін ескеру керек. Егер ауру ата-анадан (бір немесе екеу) ауру бала туса, онда белгі – доминантты, сау ата-анадан ауру бала болса, онда белгі – рецессивті.
2. Белгінің жыныспен байланысын қарау керек. Егер белгі аталық және аналық жыныста бірдей мөлшерде кездессе, онда тұқым қуалау – аутосомды. Егер белгі бір жыныста кездессе немесе бір жыныста көбірек білінсе, онда тұқым қуалау – жыныспен тіркескен деп атайды.
3. Генотипті анықтағанда бір ұрпақтағы балаларда белгілердің барын және жоғын есептеу қажет. Мысал ретінде, мына суреттегі шежірені қарастырайық.



Ауру белгі әр ұрпақ бойында кездеседі. Ата-анасының біреуі брахидактилиямен ауырса, ауру бала дүниеге келеді. Бұл белгінің доминантты типті тұқым қуалауын көрсетеді. Ата-анасы сау некеден ауру бала тумайды. Бұл да доминантты тұқым қуалау типі екенін көрсетеді. Брахидактилия ауруы еркектер де, әйелдер де бірдей кездеседі. Ген аутасомда орналасқан.
Отбасының және олардың мүшелерінің генотипін анықтау үшін брахидактилия генін – А деп белгілейміз. Қалыпты саусақты – а әрпімен белгілейміз. Бірінші ұрпақта ауру және сау баланың саны 1:1 қатынасындай болғандықтан, анализдеуші шағылыстырудың нәтижесін береді. Белгілердің ажырауы бұл некедегілердің әжесінің генотипі гетерозигота (Аа), атасының атасы гомозигота (аа) екенін білдіреді. Белгілердің осындай қатынаста ажырауын екінші ұрпақта да байқаймыз. Бұл брахидактилиямен ауыратын адамдардың барлығының генотиптері Аа, сауларынікі – аа көрсетеді. Бұл құбылыс кейінгі ұрпақтарында осындай болады.
Жауабы: Адамда брахидактилия ауруы аутосомды-доминантты типті тұқым қуалайды. Аурумен ауыратын отбасының мүшелері гетерозигота, сауларының генотипі гомозигота.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет