Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


сурет. Еңбек ету жасындағы ер кісілер мен әйелдердің өліміне алып келетін негізгі себептердің таралуы (100 000 адамға балап есептегенде)



бет20/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   95
3 сурет. Еңбек ету жасындағы ер кісілер мен әйелдердің өліміне алып келетін негізгі себептердің таралуы (100 000 адамға балап есептегенде).

Өздігінен туындайтын аборттардың саны жылдан жылға өсуде және олардың жалпы аборттардың ішіндегі үлес салмағы 10 % асады.

Аборт денсаулыққа өте қауіпті. Аналар өлімінің 30 % аборттың зиянды асқынуларынан туындайды. Аборт жасағандар арасында бала көтермеушілердің қатар саны да жоғары.

Отбасының тұрақсыздығы, материалдық жағдайдың төмендегі, үй-жайдың жоқтығы, тұрмыстық жағдайдың төмендігі, отбасында өзге де балалардың болуы әйелдердің аборт жасауына алып келеді. Аты аталған себептер тікелей аборт жасауға алып келмейді. Осы жайсыз себептер отбасындағы ұрыс-таласқа және стресстік жағдайдың туындауына жол ашады. Осының соңы аборт жасауға себеп болады.

Демографиялық жағдайға айтарлықтай әсер ететін себептердің бірі аналардың өлімі болып табылады.

Аналардың өлімі деп – жүктілікке байланысты, жүктіліктің барысында немесе босанғаннан кейінгі 42 күн (6 апта) ішінде туындаған өлім оқиғасын айтады.

Аналар өліміне акушерлік себептер алып келеді. Олардың қатарында жүктіліктің, босанудың акушерлік асқынулары, босанудан кейінгі кезеңдегі жүктілік және босану барысындағы емдеуде жіберілген қателіктер, жүктілік барысында созылмалы аурулардың асқынуы бар. Аналардың өлімі әрбір 100 000 тірі туылғандарға балап есептегенде 40-50 оқиғаны құрайды. Алайда аналардың өлімі аса қайғылы оқиғалардың қатарына жатқызылады және акушерлік қызметтің жіберген қателіктерінен туындаған деп есептелінеді. Европа елдерінде аналардың өлімі өте сирек кездеседі және әрбір 100 000 тірі туылған балаларға балап есептегенде 2-4 оқиғаны құрайды. Оның негізгі себебі ретінде бірінші орында криминалдық аборт орналасса, одан кейінгі орындарда жүктілік, жүктілік токсикозы, босану барысындағы сепсис орналасқан. Ал бұл қатардың ең соңғы орнында медициналық аборт жайғасқан.

Болашақтағы өмірдің орташа ұзақтығы (БӨОҰ) Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының тұрғындардың өмір сүру сапасын бағалау үшін ұсынған интегралды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бұл көрсеткіш жастық өлім коэффицентінің тұрақтылығы жағдайында бір уақытта туылған ұрпақтардың гипотетикалық (теоретикалық) өмір сүру ұзақтығының жылдар саны.

Болашақ өмірдің орташа ұзақтығы өлім көрсеткішінің жастық коэффиценті негізінде, өлім көрсеткіші кестесін құру арқылы есептейді. Оны есептеу әдісі ХVIII ғасырдан белгілі. Таблицадағы сандар бір уақытта туылған гипотетикалық жиынтықтың кезектесе алу мүмкіндігін көрсетеді.

Өлім көрсеткішінің таблицасын толтыру үшін халық санағының деректері, тұрғындардың жастық-жыныстық топтарының саны және өлгендердің жастық ерекшеліктері бойынша таралуы туралы деректер қажет.

Болашақ өмірдің орташа ұзақтығы Жапония, Франция және Швеция елдерінде өте жоғары болып қалыптасқан. Францияда ер кісілердің болашақ өмірінің ұзақтығы 74,0 жас , әйелдердің болашақ өмірінің ұзақтығы 81,9 жас, Швецияда ер кісілердің көрсеткіші 76,5 жас, әйелдердің көрсеткіші 81,5 жас, ал Жапонияда ер кісілердің аталған көрсеткіші 77,0 жас болса, әйелдердің көрсеткіші 83,6 жас болып шықты. Қазақстан Республикасындағы тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы өте төмен. Бұл көрсеткіш әйелдер үшін 68 жасты құраса, ер кісілер үшін бар болғаны 63 жасты құрап отыр.

Бұл көрсеткішті барлық тұрғындарға арнап есептеудің маңызы өте үлкен емес. Алайда өлген тұрғындардың орташа жасы жеке аурудан немесе аурулар топтарынан өлген жасын анықтауда ерекше роль атқарады.

Жоғарыда келтірілген демографиялық көрсеткіштерді сараптау біздің Республикамызда тұрғындар санының жылдан-жылға артуы тек қана туылу көрсеткішінің жоғары болуымен қамтамасыз етіліп отырғандылығын көрсетеді. Демографиялық ахуалдың сапасын арттыру үшін тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған шараларды белсенді және сапалы ұйымдастырып, болашақтағы өмір сүру ұзақтығының берік медициналық-әлеуметтік, экологиялық, экономикалық және саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет