Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


тарау Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг. Басқару



бет73/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   95
6.тарау Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг. Басқару.

Басқару деген түсінік жаңа туындаған ерекше категория емес. Басқару деген ұғымды түсіндіруге арналған теориялар ескі қолжазбаларда жиі кездеседі. Басқару туралы концепция көне Египетте пирамидаларды тұрғызу барысында жазылған. Тиімді басқаруды жүзеге асыру жолдары туралы кеңестер 3000 жыл бұрын Вавилонда жазылған өмір сүру заңдылықтарында да жеткілікті орын алған. Сонымен басқару деген ұғымның түсініктемелері жеткілікті және олардың қаншалықты дұрыс екендігін әр маман өзі шеше алады.

Геральд Кунц басқару деген ұғымға: «Басқару – алдын ала қойылған мақсаттарды шешу үшін бір-бірімен байланысты әлеуметтік және техникалық міндеттер мен шаралардан тұратын, еңбек және өзге қорларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын үрдіс» - деп түсініктеме береді.

Дэвид Густафсон бұл ұғымға басқаша түсінік береді: «Басқару - өзге адамдардың жұмысын пайдалана отырып, бюджеттің шегінен аспайтын, дұрыс, дер кезінде атқарылатын еңбек үрдісі» - деп анықтама жасайды.

Жоғарыда келтірілген екі ұғымның бір-бірімен ұштастығы мынада: олар нәтижеге бағытталған және басқарудың үрдіс екендігі, оған адамдардың қатысатындығы көрсетілген. «Үрдіс» деген сөз басқарудың қимылға және нәтижеге бағытталғандығын қөрсетеді. Басқару адам еңбегінің пассивті түріне жатпайды. Оның міндеті қалыптасқан тәртіпті және қалыптасқан жағдайды сақтау емес.

Менеждмент – жалпы мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізу үшін жасалған үрдістің адамдарды, қорларды және өзге қол астындағы қажетті материалдарды басқару жүйесі болып табылады.

Басқару – бұл ғылым, мәдениет, кәсіп және жұмыс.

Басқару дегеніміз ғылыми түсінік ретінде мақсаттарды анықтау және соңғы нәтижені шығаруға қажетті көрсеткіштерді белгілеу сияқты маңызды бөліктерден тұрады. Менеждменттің ғылыми бағыт ретіндегі атқаратын жұмысы – басқару нәтижесін, жеткен жетістікті, жүйенің қызмет тиімділігін бағалау болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет