Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


кесте. Міндетті және ерікті медициналық сақтандыру жүйелерінің айырмашылықтары



бет72/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   95
27 кесте. Міндетті және ерікті медициналық сақтандыру жүйелерінің айырмашылықтары.


Ерікті медициналық сақтандыру

Міндетті медициналық сақтандыру

Коммерциялық іс

Әлеуметтік коммерцияға жатпайтын іс

Сақтандырудың қаржылық-коммерциялық бөлігі ретінде, жеке басты сақтандыруға жатады

әлеуметтік сақтандыру жүйесінің бөлігі

«Медициналық сақтандыру туралы» заңмен реттеледі

«Медициналық сақтандыру» және «Әлеуметтік сақтандыру» туралы заңдармен реттеледі

Сақтандыру ережелерін сақтандыру ұйымдары анықтайды

Сақтандыру ережелерін мемлекеттік құрылымдар анықтайды

Жеке басты немесе топты сақтандыру

Жалпылама

Сақтандыруды әртүрлі меншіктегі сақтандырушы ұйымдар жүзеге асырады

Мемлекеттік немесе мемлекет қадағалайтын ұйымдар сақтандырады

Сақтандырушылар физикалық және құқықтық тұлғалар

Сақтандырушылар – еңбек қожалықтары, мемлекет, жергілікті әкімшілік

Қаржы көздері: азаматтардың жекелей табысы, жеке кәсіпкердің табысы

Қаржы көздері: шаруашылық қожалықтары тауарларының өзіндік бағасына кіретін салымы, мемлекеттік бюджет


Бағдарлама сақтанушы мен сақтандырушылар арасындағы келісім шарт бойынша анықталады

Бағдарлама (кепілдендірілген көмек минимумы) денсаулық сақтау министрлігінде анықталады, жергілікті әкімшілікте бекітіледі

Тариф келісім-шарт бойынша бекітіледі

Тариф екі жақтың келісімі бойынша және мемлекеттің басым ролімен бекітіледі

Сапаны қадағалау жүйесі келісім-шарт бойынша бекітіледі

Сапаны қадағалау жүйесі екі жақтың келісімі бойынша және мемлекеттің басым ролімен бекітіледі.

Түскен табыс коммерциялық және коммерциялық емес істерге бағытталады

Табыс медициналық сақтандыруды дамытуға, оның ішінде негізгі қызметінің дамуына бағытталады.

Ерікті сақтандыру әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық-коммерциялық бөлігіне жатады. Бұл іс жеке басты сақтандыруды қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады. Міндетті сақтандыру мемлекеттік тұрғыда кепілдендірілген, шектеулі көлемде салық төлемдерімен қамтамасыз етілетін әлеуметтік сақтандыру жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

Ерікті медициналық сақтандыру тек қана «Медициналық сақтандыру туралы» заңмен реттелсе, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысын реттеуге «Әлеуметтік сақтандыру туралы» заң да қолданылады.

Ерікті медициналық сақтандыру ережелерін сақтандыру ұйымдары анықтайды, ал міндетті медициналық сақтандыру ережелерін мемлекеттік басқару құрылымдары белгілейді.

Ерікті медициналық сақтандыру жүйесі жеке тұлғаларды немесе топты медициналық көмекпен қамтамасыз етсе, міндетті медициналық сақтандыруға барлық тұрғындар тартылады.

Ерікті сақтандыруды әртүрлі меншіктегі сақтандыру ұйымдары жүзеге асырса, міндетті медициналық сақтандыруды мемлекеттік немесе мемлекет қадағалауындағы ұйымдар жүргізеді. Егер ерікті сақтандырушы ретінде физикалық және құқықтық тұлғалар аталса, міндетті сақтандырумен еңбек қожалықтары, мемлекеттік органдар, жергілікті әкімшілік айналысады. Ерікті медициналық сақтандыруға азаматтардың, кәсіпкерлердің жеке табысы жұмсалса, міндетті медициналық сақтандыруға шаруашылық қожалықтары өндіретін тауарлардың өзіндік бағасына кіретін салымы, мемлекеттік бюджет қаржысы қолданылады.

Медициналық көмектің минимумы сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы келісім-шарт бойынша түзілген бағдарламасымен реттелсе, міндетті медициналық көмек минимумы денсаулық сақтау министрлігінде анықталып, жергілікті әкімшілікте бекітіледі.

Тарифтің көлемі ерікті медициналық сақтандыру жүйесінде екі жақты келісім-шарт бойынша бекітілсе, міндетті медициналық сақтандыруда мемлекеттің басым ролімен және екі жақтың келісім-шартымен анықталады.

Сапаны қадағалау ерікті медициналық жүйесінде келісім-шарт арқылы реттелсе, міндетті медициналық сақтандыруда екі жақты келісім-шарт бойынша және мемлекеттің басым ролі арқылы жүзеге асырылады.

Ерікті медициналық сақтандыру қорына түскен қаржылай табыс коммерциялық және коммерциядан тыс жұмыстарды іске асыруға жұмсалса, міндетті медициналық сақтандыру қорына түскен қаржы осы саланы дамытуға ғана жұмсалады. Сонымен, медициналық сақтандыру әлеуметтік сақтандырудың маңызды бір саласы болып табылады және оның тұрғындарды сапалы және білікті медициналық көмекпен қамтамасыз етудегі ролі аса маңызды деуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет