Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


Басқару психологиясы және қарым-қатынас



бет79/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   95
6.4. Басқару психологиясы және қарым-қатынас.
Ұйым жұмысының жемісті болуы онда қандай адамдардың қызмет

атқаратынына, олардың арасындағы қарым-қатынастың түріне және жұмыс атқару жағдайы туралы көзқарасына, еңбек ақының көлеміне, қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасқа және олардың әкімшілік қоятын талапты орындау қабілетіне байланысты. Жалпы ұйымның алдына қойған мақсатына жету үшін қызметкердің өз үлесін қосуға деген ынтасы мен оның ұйымдық ортадағы өзін сезіну жағдайына тікелей байланысты. Осыған байланысты мекемеде «Адамдардың қоры» туралы мәселе жиі көтеріледі. Адамдар қорының белсенді және кәсіби болуы, ұйымның өте ауыр экономикалық жағдайда да тиімді жұмыс атқаруына кепіл бола алады. Сондықтан, менеджерлер әрбір адамның ерекше тұлға екендігін олармен жүргізілетін басқарушылық жұмыстары барысында үнемі есепке алғаны жөн.

Адамдар, әдепкіде жеке жұмыс атқарады. Олар белгілі бір шарт бойынша біріккен топта жұмыс атқаруы да мүмкін. Топтасудың бірінші белгісі қызметкерлердің бір аумақта, кәсіпте, әлеуметтік жағдайда болуы. Ұжымның екінші белгісі, топтың мүшелері бір-бірін психологиялық тұрғыда ұжым мүшесі ретінде қабылдауы. Оның негізінде топтың бір мақсаты, еңбек ету шарты, мінездерінің ұқсас болуы және бір-бірінің мінезін толықтыруы жатыр.

Ұжым мүшелерінің бір-бірін психологиялық тұрғыда мойындауы олардың бірге жұмыс атқаруына жол ашады. Бұл жағдай ұжымның үшінші белгісін анықтайды. Ұжым мүшелерінің бірлесе қимылдауы ұйымның еңбек ету қуатын барынша жоғарылатады. Бірлесе жұмыс атқару арқылы бір адамның қолынан келмейтін істі оңай шешуге жол ашылады. Сонымен қатар, бір адамның физикалық күші мен интеллектуалдық қабілеті жетпейтін істерді біріге отырып шешуге қол жетеді.

Ұжымдық еңбексіз қазіргі цивилизациясының пайда болуы мүмкін емес еді. Жұмыс тауқыметін бөле көтеру және мамандандырылу үрдісі еңбек тиімділігі мен өнімділігін жаңа белеске көтеріп, жұмысшылар арасында бәсекелестік сезімін туындатты. Ұжымның жасырын қуатын ашып, еңбек екпінділігін арттырды.

Ұжымның төртінші белгісіне топтың ұдайы бірге және қолма-қол жұмыс атқаруы жатады. Алайда, топтың құрамындағы әрбір мүше барлығымен бірдей ұдайы қолма-қол жұмыс істеуі міндетті емес. Осыдан ұжым мүшелерінің бір-біріне әсер етуіне бағытталған жағдай қалыптасады. Сондықтан топтың мүшелерінде нақты ұжымдық және бір жұмысты атқарып жатқандығы туралы сезім қалыптасады.

Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерінің бірі басқарудың түрі деп аталады. Басқарудың түрі деп – басқарушының шешім қабылдаудағы ерекшеліктерін айтады. Басқарудың авторитарлық, демократиялық және либералдық түрлері бар (28 кесте).

Авториторлық басшы қол астындағы қызметкерлерге өзінің билігін жүргізеді. Ол өзінің нұсқауына қарсы шыққандарды және орындамағандарды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет